«Жаңа ғасыр» жеңімпаз

Е. Өмірзақов атындағы обыстық филармонияда «Жайдарлы жастар» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен облыс әкімінің кубогі үшін «Жайдарман» ойыны болып өтті

Бар жанарды жаулаған жайдарманда «Жаңа ғасыр», «Евразият», «Құрдастар», «Боранқұл», «Бес жаңалық», «Рудный» құрамалары көрермендерге жоғары көңіл-күй сыйлады.

Ойын барысында өңірімізге келген маңғыстаулық қонақтар да шаһарымыздағы игі өзгерістерге риза екендіктерін әзілдерімен жеткізіп жатты. Ал, Жангелдин ауданының «Жаңа ғасыр» құрамасының жігіттері де көптеген тақырыптарға құралған өткір әзілдерімен көрерменге үлкен ой салып, ерекше әсер қалдырды.

Осылайша жиналған жұртшылыққа қағытпа әзілдерімен жоғары көңіл-күй сыйлаған құрамалардың  бәрі де басты жүлделерге лайықты десек те болады. Бірақ сайыс болған жерде жүлдегерлер де болатыны белгілі.

Арнайы құрылған әділ қазылардың бір ауыздан шешімімен «Жаңа ғасыр» Торғай құрамасы бірінші орынды, яғни 300 мың теңге жүлдесін жеңіп алды. Ал екінші орынды Маңғыстау құрамасы «Боранқұлға» бұйырды. Оларға 200 мың теңге табыс етілді.

Үшінші орынды Қызылжардан келген  «Бес жаңалық» құрамасы иеленде. Олар 100 мың теңгенің сертификатын қанжығаларына байлады.

Сонымен қатар бұл ойында «Евразият» құрамасының ойыншысы Айбар Сейдіғалиев «Ең үздік ойыншы» атанды.

Осылайша жайдарман көпшіліктің есінде қалды.

Аягөз КӘКІМЖАНОВА

 


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31