Жұрт көңілін аулаған мектеп жәрмеңкесі

 Қамысты ауданында бірінші рет Қамысты аудандық кәсіпкерлік бөлімінің ұйымдастыруымен мектеп жәрмеңкесі өтті. Оған жергілікті кәсіпкерлерден гөрі көршілес Жітіқара ауданының кәсіпкерлері ниет білдіріп, келіп қатысты. Бұл жәрмеңкенің басты мақсаты – аз қамтылған және көпбалалы отбасылардың балаларын қолдап, мектепке қажетті заттарды төмен бағамен ұсыну.
Қамысты аудандық орталық алаңда өткен жәрмеңке таңғы сағат оннан басталды. Онда білім алуға қажетті барлық кеңсе тауарлары арнайы дүкендерден 10 пайыздан 15 пайызға дейінгі төмен бағада сатылымға қойылды. Ал, мектеп формасы мен сөмкелер базардың бағасынан біршама төмен.

-Жәрмеңке Қамысты ауданында алғаш ретіп өтіп тұр. Тұрғындар көптеп келді. Осындай балаларды мектепке дайындауда халыққа көмек көрсету және қолдау көрссету мақсатында өткізілді. Мектеп тауарлары 10 пайызға нарықтағы бағадан төмен сатылды. Жәрмеңкеге тауарларын сатуға келген кәсіп иелерінің бәрі Жітіқара ауданынан келіп отыр. Біз мұнда сатылатын әр тауар базардағыдан әрзан әр сатып алушыға белгілі көлемде жеңілдік болуға тиіс екенін алдын ала хабарлағанбыз. Келіскендей, жәрмеңкедегі баға сатып алушылар көңілінен шықты. Енді келесі жылдан бастап, ауқымды көлемде өткізуді деп жоспарлап отырмыз. Ауыл тұрғындарын да шақырсақ деген ойда бар. «Большевичка» сияқты ірі тігін фабрикасын да шақырмақ ниеттеміз. Биыл қатынас хат жіберіп көрдік, бірақ олар келуге қорықты, – дейді Қамысты аудандық кәссіпкерлік бөлімінің басшысы Салтанат Баекен.
Салтанат Баекен келушілердің дені дәптер, күнделіктер мен қаламсапты көп сатып алып жатқанын жеткізді.

-Байғанымыздай, дәптерді көп сатып алып жатыр. Бір алғанда сырты жұмсақ 20-30 дәптер және кемі 10-15 дана қатты мұқабалы қалың дәптерді алады. Білім күні жақындаған да ата-аналар арнайы құралдарды, атап айтқанда, транспортер, циркуль, сызғыш сияқты заттарға сұранысты жиілете түседі екен, – дейді Салтанат Жұмабекқызы.

Биыл аудан тұрғыны Зарина Қарағұлова екі баласын мектепке дайындап жатыр. Алдағы уақытта мұндай жәрмеңкелер ұдайы ұйымдастырылса деген тілегін қоса жеткізді.

-Мектеп жасында екі балам оқиды. Жәрмеңке ұнады. Барлық мектеп құралдарын осы жерден сатып алдым. Бағалары да сондай қымбат емес, қолжетімді бағада. Кейбір тауарлардың бағасы базар нарқымен бірдей, сол үшін облыс орталығына қатынаушы едік, – дейді аудан тұрғыны Зарина Қарағұлова.

Аудандық білім бөлімінің берген мәліметінше, биыл Қамысты ауданында 1403 бала мектепке барады.
Айта кету керек, дәстүрлі акция «Мектепке жол» 1 тамыздан басталып, 30 қыркүйекке дейін жалғасады. Қазір қайырымдылық іс шарасына жергілікті демеушілерді, әлеуметтік серіктестіктерді, мемлекеттік ұйымдарды тарту бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Шұға ҚОҢҚАБАЙ


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31

Просмотров: 4