Өзекті мәселелер қаралды

Дөңгелек үстел ұйымшылдықпен өтті


Кеше қалалық Н.Островский атындағы орталық кітапханада „Көрнекі ақпарат және ономастика мәселелері„ деп аталатын тақырыпта дөңгелек үстел болып өтті.

Оны Қостанай облыстық әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасы мен Қостанай қаласы әкімдігі мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі ұйымдастырды.

Бұл маңызды жиынға облыстық тілдерді дамыту басқармасы, Қостанай, Рудный қалалары, Қостанай ауданы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімдерінің мамандары, облыстық ономастика комиссиясы, ономастикалық жұмыс топтары мүшелері, „Жас Отан„ жастар қанаты жарнама агенттіктері және бұқаралық ақпарат құралдарының журналистері қатысты.

Басқосуды облыстық тілдерді дамыту басқармасы ономастика және көрнекі ақпараттар мониторингі бөлімінің басшысы Жарасхан Наурызбаев ашып, жүргізіп отырды.

Осы дөңгелек үстелде облыстық тілдерді дамыту басқармасы басшысының орынбасары Қазымбек Ахметов басқосудағы негізгі мақсатқа тоқталып, алда тұрған нақты міндеттер жайлы әңгімеледі.

Сонымен қатар тіл жанашырлары, мемлекеттік тілдің өрісін кеңейтуге нақты үлестерін қосып жүрген өңірге белгілі білікті мамандар Жарасхан Наурызбаев, Қарлығаш Мадиярова, Кенжеғали Бимағамбетов және басқалар күн тәртібіндегі мәселелер бойынша өздерінің ой-пікірлерін ортаға салды.

Жиында өзге де өзекті жайлар қозғалып, қатысушылар одан үлкен әсер алды.

Оразалы Жақсанов


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31

Просмотров: 1