Заречный ауылының тұрғыны өз қолынан шыққан тоқыма кілемшелерді музей ұжымына тапсырды

Ыбырай Алтынсарин мен Абай Құнанбаевтың келбетін тоқыма жіппен кескіндеген

Ы.Алтынсарин атындағы мемориалдық музейі жаңа құнды жәдігерлермен толықты. Меңдіқара ауданының тумасы, қазір Заречный ауылында ғұмыр кешіп жатқан Күнтай Нұғыманова есімді апамыз музей ұжымына халық ақыны Абай Құнанбаев пен ұлт ұстазы Ыбырай Алтынсариннің суреттерін тоқыма жіппен кескіндеген кілемшені жасап тапсырған.

Ол кісінің кәсібі тоқыма тоқу екен. Кілем, киім-кешек тоқумен айналысатын Заречный ауылының тұрғыны Күнтай Арыстанқызы музей қызметкерлеріне хабарласып, өзі тоқыған А4 форматтағы ұлтымыздың ардақтыларының суреттері бейнеленген кілемдерді сыйға тарқан.

– Кілемшеде ақын Абай Құнанбаевтың да педагог, ағартушы Ыбырай Алтынсариннің де портреті әдемі бейнеленген. Қараған жанның көзінің жауын алатын әсемдік келісім тапқан. Осынау құнды жәдігерді музей қорына қабылдап, келушілердің назарына ұсынуды қолға алып жатырмыз. Сондай-ақ ұлы тұлғаларды тоқыма жіптермен кескіндеген апамызға шынайы алғысымызды білдіреміз, – дейді музейдің бас қор сақтаушысы Назгүл Шектібаева.

Бүгінде музейдің төрінен орын алған бұл жәдігердің көпшіліктің көңілінен шығатынына сенімдіміз.

Аягөз КӘКІМЖАНОВА


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31

Просмотров: 0