Заречный ауылында қазақ мектебінің ашылуы өтті

Заречный ауылында қазақ мектебінің ашылуы үлкен мәнге ие оқиға болып отыр. Бүгінгі таңда Қостанай облысында қазақ тілінде білім беретін мектептерге деген қажеттілік артып келеді. Жаңа мектеп осы қажеттілікті ішінара қанағаттандырып, мемлекеттік тілді дамытуға және балалардың сапалы білім алуына жағдай жасайды.

Ашылу салтанатына жиналған тұрғындар үшін бұл күн маңызды мереке болды. Ата-аналар мен мұғалімдер жаңа мектептің тек білім беру орны ғана емес, сондай-ақ балалардың рухани-мәдени дамуына ықпал ететін орталыққа айналатынына сенім білдірді.

– Барлықтарынды “Жайлы мектеп” жобасы аясында ашылып жатқан алғашқы мектептің тұсаукесерімен шын жүректен құттықтаймын. Бұл жоба президенттік тікелей қадағалауындағы жоба. Осы жобаның шеңберінде тағы да 5 мектеп салынып жатыр. Бүгінгі ашылған мектебіміз 900 балаға арналған, – дейді Қостанай облысы әкімінің орынбасары Ринат Мұхаметқали.

Жаңа мектепте зертханалық сыныптар, спорт залдары, кең кітапхана және заманауи техникамен жабдықталған кабинеттар бар. Оқушыларға жайлы әрі қауіпсіз орта қамтамасыз етіліп, мұнда әр балаға өз қабілеттерін дамытуға мүмкіндік беріледі.

Заречный ауылындағы №1 жалпы білім беретін мектептің құрылысына 5 миллиард теңге бөлінді. Мектеп заманауи талаптарға сай, ғимарат үш қабаттан тұрады. Бұл мектептің ашылуы – Қостанай өңіріндегі білім беру саласының дамуына қосылған зор үлес.

Аяжан СЕРІК,
суретті түсірген Абиль ДОЩАНОВ

 


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31

Просмотров: 25