Қызбел ауылдық округінде «Туған жерге тағзым» жобасы жүзеге асуда

Қызбел ауылдық округі аудан орталығынан 140 шақырым жерде орналасқан

Ондағы тұрғылықты халықтың басым бөлігі мал шаруашылығымен айналысады. Мемлекеттік бағдарламаларға қатысып, кең алқапты өрісін төрт түлікке толтырған елді – мекен. Бас бірліктері бекем тұрғындардың ынтымақтастықтары көңіл қуантады. Бір бірлеріне жәрдемдесіп, қашанда қайырымды іс жасауға құлшынып тұрады. Әсіресе, «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасына зейін қойған ел ауылдың әлеуметінің дамуына үлес қосып келеді. Биыл ауыл азаматтары ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына тарту қылып, ауыл орталығындағы көптеген спорттық және мәдени ғимараттарға күрделі жөндеу жұмыстарын жасады.

Арнайы шот ашып, қаражат жинады. Мен қызбелдікпін деген адамдардың барлығы өз шамаларынша қаражат берді. Туған жерге деген патриоттық семіздерін білдірді. Мақтауға тұрарлық, ауыз толтырып айтуға лайықты.

– Тәуелсіздіктін 30 жылдығы қарсанында «Туған жерге тағзым» жобасы аясында 1961-1973 жылы туған ауыл тумалары 8 млн теңгеге волейбол алаңын салып берді. Қосымша шағын футбол алаңы да болады. Осы елдің перзенті, мүсінші Мұхаметқали Рахалиев демеушілік жасап, 1,5 млн теңгеге М.Дулатовтың ескерткішін қайта жаңартып, мектеп алдына орнатты. Ауыл азаматарының қолдауымен «Тәуелсіздік» саябағына тас төсеніштер төселіп, абаттандыру жұмыстары жасалды. Қызбел ауылының 1976 жылығы тумалары осыдан 2 жыл бұрын салынған «Қош келдіңіздер» стеласының үстіне дала символы – бүркіттің мүсінін әкеліп орнатты. «Ер есімі – ел есінде» ескерткішіне жөндеу жұмыстары жүргізілді. 1989 жылы туған ел азаматтары дала сахнасын қайта жаңартып салып берді. Осындай елім деген азаматтарға ауыл тұрғындарының атынан алғысымды білдіремін, – дейді округ әкімі Қайсар Нұрғазин.

Гүлжан БӨЛЕГЕН


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31

Просмотров: 2