Категории: Образование

Университеттегі маңызды конференция

Оған өзекті мәселелер арқау болды

Жақында Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы мен Қостанай мемлекеттік педагогикалық университеті ЮНЕСКО-ның бастамасымен тұрақты дамудағы білім беруде «Тұрақты даму мүдделерінде үздіксіз білім беру: жаңа сын-тегеуріндер» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияның 2-кезеңі өткізілді.

Ұйымдастыру комитетінің құрамына Білім мен мәдениет мәселелері бойынша БҰҰ-ның үкіметаралық ұйымы, Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Парламентаралық ассамблеясы, ЮНЕСКО үздіксіз білім беру институты (Германия), Гонконг білім беру институтындағы ЮНЕСКО-ЮНЕВОК орталығы (Гонконг), Қазан федералды университеті және басқалар кірді.

Конференция үздіксіз білім берудегі ғылыми ізденіс нәтижелерінінің өзекті мәселелерін қорытындылау мақсатында өткізілді.

Пленарлық отырыс  Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінің ғылыми жұмыс және стратегиялық даму жөніндегі проректоры Нұрлан Медетов мен Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының президенті Жанбол Жылбаев  құттықтау сөздерінен ашылды.

Осынау маңызды жиын барысында Қостанай мемлекеттік университетінің академиялық жұмыс және әлеуметтік мәселелер жөніндегі проректоры Гульвира Мұсабекова  «Педагогикалық білімді модернизациялау контекстінде ЖОО-ны қайта құру моделі», ағылшын тілінің маманы, АҚШ Мемлекеттік департаментінің English Language Fellow бағдарламасының қатысушысы Фати Томпсон «Үштілділікті енгізуде ағылшын тіліндегі ресурстарды қолдану» тақырыбтарда баяндама жасады.

Сонымен қатар пленарлық отырысқа Қазақстан Республикасындағы ЮНИСЕФ-тің білім беру және балалар құқығын қорғауға арналған бағдарламалардың ұйымдастырушысы Татьяна Адерихина (Қазақстан), Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Болон процесі және академиялық ұтқырлық орталығының директоры Алмагүл Култуманова  (Астана), «Снейл» қосымша білім беру орталығы» білім беру мекемесінің бас директоры Юлия Нацкевич (Ресей), Батыс Қазақстан облысы білім басқармасының мектепке дейінгі, жалпы орта және кәсіптік білім беру ұйымдарының өңірлік оқу-әдістемелік кабинетінің басшысы Аягөз Хамзина  (Орал), Дүниежүзілік банктің «Еңбек дағдыларын дамыту және жұмысқа ынталандыру» жобасының негізгі сарапшысы  Гүлнар  Кусиденова  (Қазақстан) және «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының Қостанай облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының директоры, педагогика ғылымдарының кандидаты, Ресей Жаратылыстану Академиясының профессоры Марионелла Слесарь қатысты.

Конференция жұмысына Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің өкілдері, республикалық ведомстволарға бағынысты ұйымдар, облыстық және  Астана қаласының білім беру бөлімі, сондай-ақ жоғары оқу орындарының өкілдері, білім беру ұйымдарының басшылары, педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыру институттары, колледж оқытушылары мен Алтынсарин, Қостанай аудандарының мектеп мұғалімдері, шетелдік сарапшылар қатысты.

Жиын қорытындысы бойынша тиісті ұсыныстар қабылданды.

Барлық қатысушыларға сертификаттар табысталды.

Аманжол Тәшетов, Өмірзақ Сұлтанғазин атындағы

Қостанай мемлекеттік педагогикалық

университетінің басқарма басшысы, белгілі ғалым

admin

Недавние новости

Разрушенный во время паводка мост на трассе Аулиеколь-Жолдама будет восстановлен только к 1 ноября

Люди опасаются, что этой весной стихия нанесет новый удар, то есть до окончания реконструкции, пишет…

2 часа назад

Денисов ауданында ауыл мұғалімі жасанды интеллектіні шебер қолдануда

Жасанды интеллектінің қыр­сырын меңгерген ұстаз Степан Галкин Денисов ауданындағы Гришен ауылында тұрады. (далее…)

3 часа назад

На рыбалку с семьей: Аулиекольский рыбак поделился эмоциями от совместного хобби с родными

Крупный трофей Михаилу Кравченко удалось вытащить на озере в селе Диевка. (далее…)

4 часа назад

Династией по сварочному делу можно назвать семью Евгения Арбузова из Мендыкары

Практически половину своей жизни Евгений Арбузов посвятил сварочному делу, которое стало для него не просто…

6 часов назад

Жительница Костаная стала жертвой мошенников, вложив 21 млн тенге в фальшивую платформу

Женщина, инвестировавшая 21 млн тенге, узнала от полиции, что она стала частью мошеннической схемы. (далее…)

8 часов назад

This website uses cookies.