Өмірзақ Сұлтанғазин — еліміздің мақтанышы
Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінде жұртшылықты елең еткізген оқиға орын алды. Өйткені, осы жоғары оқу орнының студенттері мен шаһардағы зиялы қауым өкілдері осыдан екі жыл бұрын білімнің қара шаңырағы атанған университетке қазақтың ұлы ғалымы Өмірзақ Сұлтанғазиннің есімін беру жөнінде ұсыныс жасаған болатын.
Жақында білім ордасына Астанадан қуанышты хабар жетті. Қазақстан Республикасы Үкіметінің үстіміздегі жылғы 16 қарашадағы №754 қаулысымен жоғары оқу орнына ұлтымызды әлемге танытқан көрнекті тұлға, аса дарынды ғалым Өмірзақ Сұлтанғазиннің аты берілді.
Мұны естіген барша қауым ерекше шаттыққа бөленді. Себебі, есімі білім ордасына берілген бір туар жан Қостанай облысының тумасы. Кезінде қазіргі әл-Фараби атындағы ұлттық университетіміздің математика факультетін үздік бітірген.
Өзінің алғырлығының арқасында үлкен ғалым дәрежесіне көтерілді. Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының президенті лауазымына тағайындалды.
-Біздің көптен күткен арманымыз орындалды. Ең бастысы, Өмірзақ Махмұтұлы даңқты жерлесіміз, қазақтың абыройын асқақтатқан азамат. Әлем таныған қайраткер. Оған қандай құрмет көрсетсек те жарасады.
Онымен біз әрқшан да мақтанамыз,-дейді тарих ғылымдарының докторы, профессор, елімізге танымал көрнекті ғалым Аманжол Күзембайұлы.
Оразалы Жақсанов
Об этом на брифинге сообщил директор Костанайского областного филиала АО “НК “ҚазАвтоЖол” Андрей Горват. Об…
Арендаторы передают неиспользуемые ими участки в фонд государства. (далее…)
Биылғы мереке былтырғыдан өзгерек форматта өтті (далее…)
Денисов ауданының орталығындағы балалар кітапханасында жұмыс істейтін Маргарита Николаенко есімді кітапханашы бар. Ол қазақ тілінде…
Аким района Ерлан Жаулыбаев посетил крупнейшее сельскохозяйственное предприятие ТОО «Алтынсарино», где идет подготовка к предстоящей…
This website uses cookies.