Әулиекөлде көпбалалы отбасы төрт бөлмелі үйге ие болды

Өткен жылдың желтоқсан айының басында Орал облысы, Теректі ауданы Ақжайық елдімекенінен Әулиекөл ауданының Құсмұрын кентіне қыстың көзі қырауда көпбалалы отбасы көшіп келді.

Түнгі поездан түскен алты балалы, кішісі сегіз айлық Алдекелер отбасы жаны қайырымға жақын жамағайын туысының аядай екі бөлмелі үйіне келіп түсіп, екі отбасы тұрып жатты.

Төрт баласы біздің №1 Құсмұрын жалпы білім беретін мектебінің оқушылары. Мектебімізге алғаш келген күннен бастап балалардың бойында жақсы тәрбиенің негізі қаланғаны байқалып тұрды. Қыс ішінде келген балаларға әлеуметтік педагог болған соң отбасы мүшелерін деректер базасына тіркеп, бақылауға алып, балалардың қажеттіліктерін анықтап, қалың киімдер мен оқу құралдары, сөмкелер сияқты керек-жарақпен қамтамасыз еттік.

Мектеп директоры Айман Аяндина үйде отырған бес жасар Мәрзияны мектеп алды даярлық тобына қабылдады. Оқу жылының ортасында келгендіктен үкімет тарапынан берілетін бір мезгілдік ыстық тамаққа іліге алмаған балаға асхананың жеке кәсіпкері Асем Конкасова өзі демеуші болып, тегін тамақтандыруда.

Құсмұрын «Хақ» мешітінің имамы Омар Закарин Қостанай «Зекет» қоры атынан Алдекелер төрт бөлмелі үйдің кілтін табыстады. Отбасы 2024 жылды қуанышпен жаңа үйде қарсы алды. Татулығы жарасқан көпбалалы отбасының келгенін естіген ауыл тұрғындары да бейжай қарап қалған жоқ. Имамның бастамасымен «Хақ» мешітінің жамағат қоры есебінен қажетті азық-түлікпен қамтамасыз етілді.

Сонымен қатар «Astana Railway Services» КВРД мекемесінің басшысы Бекенбай Амзайұлының басшылығымен көмір түсіріліп берілді. Жүрегінде иманы бар ауыл тұрғындары үйлеріндегі ыдыс-аяқтары мен төсек-орны, тұрмысқа қажетті жиһаздарымен бөлісті. «Балапан» балабақшасының ұжымы да қайырымдылықтың қайырлы ісіне өз үлестерін қоса білді.

Қазақтың қайырымын, жанашырлығын осы тұстан анық байқауға болады. Қыс ішінде шиеттей балаларымен бөтен елдімекенге келгенде сырт айналмай, ағайындық танытып, бауырына тартып, жол сілтеп, түтінінің түзу шығуына өз үлесін қоса білген ауызбіршілікке ұйыған кеңпейілді, ақ жүректі, асыл қазыналы ауыл тұрғындарының қанына біткен кісілігі, кішілігі көңілге нұр, жүрекке қуаныш ұялатады.

Жұмакүл СЫЗДЫҚОВА

Редактор

Поделиться
Опубликовал
Редактор

Недавние новости

Журналиста Максима Сушко признали невиновным по делу о клевете в адрес акима п. Октябрьский

Дело прекращено за отсутствием состава правонарушения, сообщает "ТоболИнфо" (далее…)

2 дня назад

Наурзумцы получили долгожданный автомобиль скорой помощи

Новым санитарным автотранспортом с 2019 года оснащены уже 5 медицинских участков района. (далее…)

2 дня назад

Класс памяти о погибшем герое, который спас ребенка, открыли в Аулиекольском районе

Этот кабинет станет символом памяти и уважения к героическому поступку выпускника школы Салимбека Альденова, который…

2 дня назад

По какой причине перенесли зажжение главной елки в Костанае?

Изначально оно должно было пройти 21 декабря, затем его перенесли на 20 декабря, а вчера…

2 дня назад

Қамыстылықтар жаңа жыл мерекесіне қызу дайындық үстінде

Жаңа жыл қарсаңында жұрт туыстары мен достарына ерекше сыйлықтар жасауға тырысады. (далее…)

2 дня назад

This website uses cookies.