Торғайлық жаяу жолаушылар 1200 шақырымды 36 күнде бағындырып, елге оралды

Ел Тәуелсіздігініңі 30 жылдығы мен «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында, бабалар ізімен Қызбел-Қандыағаш-Қарабау этномәдени экспедициясы жүзеге асқан болатын

Аталған экспедицияны Саға ауылының тумалары Сәттібек Бөлегенұлы мен Ерлан Аңсағанұлы мыңдаған шақырымды жаяу бағындырды. Жобаның негізгі мақсаты да осы еді. Бабамыз Ру Басы Ақымбетұлы Өтей батырдың жаугершілік заманда жүріп өткен жолдарын жаяу өту. Туған жердің бір уыс топырағын бабамыздың жерленген жері Өтей қорымына жеткізу болатын. Мақсат айқындалды, нәтиже көрсетілді. Ерлан Хұсайынов пен Сәттібек Исмаилов қазан айының алтыншы жұлдызында жолға шықты.

Барлығы 1200 шақырымды 36 күнде бағындыра білді. Сәттібек Бөлегенұлы Әуликөл ауданында бокс және кикбоксингтен жаттықтырушы болып қызмет атқарады. 2016 жылғы кикбоксингтен өткен Әлем кубогының жеңімпазы.

– Әуелде бұл экспедицияға баруға жалғыз өзім бекінген едім. Дегенмен, ауыл ақсақалдары қалың елден жалғыз барғанын дұрыс болмас деп, адам іздестірдік. Кейін өзімнің танысым, туысым Ерлан Аңсағанұлы бірге баруға келісті. Алла тағаланың құдіреті деп білемін. Осындай арақашықтықты бағындыру оңайға соқпады. Біраз қиындықтар жолықса да, шешімін таба білдік. 90 шақырым жерді екі күнде жүрдік. Кейін Мұғалжар тауының етегіне ілініп, үлкен-үлкен Шәкіб, Байментау, Қаракөз деген таулардың арасынан өттік. Сағадан бастап, Қарабау елді – мекеніне дейін қазақтың тарихқа толы даласын, өзендер мен тау-тастарын, адам баспаған жерлерін көрдік. Қазақ халқының қонақжайлығына керемет. Әр барған жерде бізді түсініп, осы мінәжатымымызды бәрін жүрекпен сезіп, қой сойып, қазан көтерді. Әсіресе, Ақтөбе облысы мен Қарабау, Атырау облыстары жақсы қарсы алды. Жалпы Ақтөбе облысын Толыбай жерінен бастап, Шұбаршы деген жерге дейін толықтай жаяу араладық. Осының барлығын көріп, көңіліме түйгенім халқымыздың мейрімділігі мен қазақ жерінің әсемдігі мен кеңдігі. Қазақ Елі тарихқа толы, жері бай, халқы бауырмал, ынтымағы жарасқан, көңілі дарқан ел екенін жəне мейірбан халық екен. Халқыма мың алғыс айтамыз! Бабамызға тағызым жасау ұрпақ парызы, артында қалған алты баласынан тараған балалары игі істі орындады. Сіздер мен Біздер ұрапақтар сабақтастығын жалғастыра білді. Өтей Батырдың салиқалы ұрапғы деген абыройлы атаққа лайықты болу əрбіріміздің парызымыз. Осы абыройлы істі жүзеге асыру оңай болған жоқ, бірақ Алланың құдіретімен кездескен кейбір кедергілерді жеңе білдік. Тілекші болып, көмек жасап отырған әрбір жанға алғысымыз шексіз, – дейді Сәттібек Исмаилов.

Гүлжан БӨЛЕГЕН


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31

Просмотров: 5