Торғай жерінің перзенті Елордалық мәслихатының депутаты болды

Аяужан Кәкімжанқызы «Елордалық Жастар маслихатының» депутаты болып сайланды.
Жаңадан сайланған халық қалаулысы қазіргі таңда Тұран Астана университетінің 4 курс студенті. Болашақта туризм саласының машықты мамандығы боатынына сенімдіміз.

– Мен Жангелдин ауданындағы білім ордасының қара шаңыырағына айналған ұлт ұстазы Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектебінің 73-ші түлегімін. Талай тұлғаларды түлеткен киелі Торғай жерінде туғанымды мақтан тұтамын. Ата-бабалар рухы қолдап, жастар мәслихатының депутаты атандым. Менің басты міндетім өз Отаныма адал қызмет ету. Ел мүддесі үшін абыройлы еңбек етіп, жаңа Қазақстанның дамуына өзімдік үлесімді қосуға әзірмін. Мен «Amanat» партиясының Жастар қанаты «Жастар рухы» ұйымының белсенді мүшесі болдым. Егемен елдің білімді жастарын, баянды болашақтың байрағын әрдайым биікке көтеріп, аянбай еңбек етуге шақырамын, – дейді жас депутат.

Мемлекеттің тұрақты дамуының негізі – бәсекеге қабілетті жастар буыны, ал бұл тікелей жас Қазақстандықтардың білім мен білік сапасына, олардың ұмтылысы мен ынтасына байланысты. Сондықтан білімді әрі білікті жастар ел болашағы.

Байбатыр АХМЕТБЕКОВ


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31

Просмотров: 12