«Торғай халқына алғысым шексіз» – дейді, 71 жастағы қария Александр Шалыгин

Әкесі Василий 1951 жылы Қостанай облысы, Рудный қаласынан қоныс аударып, қасиетті Торғай жеріне келген

Ол кезде Александр бар болғаны 7-8 айлық бала екен. Әкесі танымал құрылысшы болған. Сол кездегі ел басқарған басшылар әкесіне қолқа салып, Торғай жерінде құрылыс жұмыстары белең алып жатқанын айтып, елге шақырған. Көшіп келгеннен кейін үй беріп, қызметке орналастырған. Торғай жеріндегі құрылыс саласына зор үлес қосып, қолтаңбасы тарихта қалған. Ал, Александр Шалыгин 1971 жылы үйленген. Жұбайы Мария Николаевна екеуі 2 ұл, 1 қыз тәрбиелеп өсірген. Олардан 8 немере сүйіп, ата мен әже бақытын иеленген. Айтпақшы, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай облыс әкімінің «Құрмет грамотасымен» наградталды. 1 наурыз Алғыс айту күніне орай шаңырағына барып, Торғай халқына айтар алғысын тыңдадым. Ілтипатты ықыласын қалың оқырманмен бөлісуді жөн көрдім.

– Мен өзімді торғайлықпын деп санаймын. Себебі, балалық шағымның тәтті кезеңдері осы жерде өтті. Осы елдің тұрғылықты тұрғынымын. 71 жыл бойы киелі жердің топырағын басып, балдай суын іштім. Ес білген шағымда біздің үйдің маңы алаңқай дала болатын. Ол кезде орталық деген атау жоқ. Қазақы көне үйлер көп болды. Зәулім ғимараттар, көп қабатты үйлерді көру арман еді. Бүгінде соның бәрі көрген бір түстей. Бұрыңғы Торғай қазір адам танымастай өзгерді. Осының барлығы жергілікті билік өкілдері мен қарапайым халықтың бірлігінің арқасы. Торғай халқынан қонақжайлылықты, дархандықты, кішіпейілділікті үйрендім. Аудан тұрғындарының барлығы менің туған бауырымдай болып кетті. Сондықтан барлық торғайлықтарға айтар алғысым шексіз. Аудан әкімі Шота Оспановқа да ризамын. Қолынан келгенше іс жасап, ауданның көркейюіне атсалысып жатыр. Мағанда жәрдемдесіп, үнемі хал – жағдайымды біліп отырады. Мереке қарсаңында барлық жерлестеріме алғысымды білдіремін. Туған жеріміз дами берсін. Әр шаңыраққа бақыт пен қуаныш тілеймін, – дейді Александр Васильевич.

Кейіпкеріміз біраз жылдар қосалқы дизельді станциясында қызмет жасаған. Кейін кеңес үкіметінің тұсында дүрілдеп тұрған орталық әуежайда 26 жыл жұмыс жасап, зейнеткерлікке шыққан. Ұлының үлкені қазіргі Б.Майлин ауданында полиция бөлімінде, кіші ұлы сол ауданда электржүйесінде, ал қызы да сол өңірдегі аудандық ішкі саясат бөлімінде абыройлы қызмет атқарып жатыр екен. Зейнет жасындағы қария көктем айынан бастап, күзге дейін бау – бақша егумен айналысады. Өнімін сатып, қосымша табыс тауып отыр. Көпке үлгі, жастарға өнеге.

Байбатыр АХМЕТБЕКОВ

Редактор

Поделиться
Опубликовал
Редактор

Недавние новости

Журналиста Максима Сушко признали невиновным по делу о клевете в адрес акима п. Октябрьский

Дело прекращено за отсутствием состава правонарушения, сообщает "ТоболИнфо" (далее…)

2 дня назад

Наурзумцы получили долгожданный автомобиль скорой помощи

Новым санитарным автотранспортом с 2019 года оснащены уже 5 медицинских участков района. (далее…)

2 дня назад

Класс памяти о погибшем герое, который спас ребенка, открыли в Аулиекольском районе

Этот кабинет станет символом памяти и уважения к героическому поступку выпускника школы Салимбека Альденова, который…

2 дня назад

По какой причине перенесли зажжение главной елки в Костанае?

Изначально оно должно было пройти 21 декабря, затем его перенесли на 20 декабря, а вчера…

2 дня назад

Қамыстылықтар жаңа жыл мерекесіне қызу дайындық үстінде

Жаңа жыл қарсаңында жұрт туыстары мен достарына ерекше сыйлықтар жасауға тырысады. (далее…)

2 дня назад

This website uses cookies.