Өткен аптаның жұмасында қайырымдылық шарасы жалғасын тапты

Бұл шара «Аққозы қажы» аудандық орталық мешітінің ұйымдастыруымен өтті

Қасиетті Рамазан айының екінші жұмасында жүзеге асқан сауапты шараға белгілі кәсіпкер, мешіт жанашыры, тұрақты демеуші болып жүрген Нұрсұлтан Тұрсынов деген азамат мұрындық болды.

«Олжа Агро» ЖШС-нің өңіраралық директоры Нұрсұлтан Тұрарұлының қайырымдылыққа берген қара малы мешіт алдында сойылып, оның барлық еті тұрмысы төмен отбасылар мен мұқтаж жандарға таратылды.

-Нұрсұлтан бауырымыз осындай игі бастаманы дәстүрлі түрде ұйымдастырып келеді. Биыл да «Ауыз ашар қоржыны» акциясына қатысып, құны шамамен 450 мың тұратын қара малды қайырымдылыққа беріп отыр. Алла тағала: «Игі жолда не сарп етсеңдер де, сауабы өздеріңе толық беріледі…» – деген (Бақара сүресі, 272 аят). Демеуші азаматтың ісіне береке тілейміз, жасап жатқан қайырымдылық ісін Алла сауаптан жазсын, – дейді ауданның бас имамы Нұрбол қажы Балахметов.

Жалпы, осы іс-шара барысында 43 отбасыға 258 келі ет таратылды. Бұл игілікті іске мешіт имамдары мен жамағаты сауап ниетімен атсалысып, көмек көрсетілген аудан тұрғындарының алғысына бөленді.

Айта кеткен жөн, алдағы уақытта да қайырымды іс жалғасын табатын болады. Олай болса, қасиетті Рамазан айында, Ораза күндері қайырымдылық жасауға асығайық, ағайын!

Руслан ӘЛКЕЕВ

Редактор

Поделиться
Опубликовал
Редактор

Недавние новости

Аулиекольские артисты поблагодарили земляков за поддержку

Ценным подарком в преддверии Дня благодарности стал праздничный концерт в честь сподвижников. (далее…)

2 дня назад

Қамыстылық алты әкім біліктілігін арттыруда

Өңірлерде жергілікті тұрғындар сайлаған әкімдердің 60 пайызы бұрын мемлекеттік қызметте жұмыс істемеген. (далее…)

3 дня назад

150 аулиекольцев состязались за медали по лыжным гонкам

Районные зимние соревнования прошли в рамках I зимней областной спартакиады. (далее…)

4 дня назад

Мендыкаринский морг возобновил свою деятельность благодаря частному бизнесу

Все услуги, которые оказывал морг, теперь будет осуществлять индивидуальный предприниматель Владимир Крукович. (далее…)

5 дней назад

This website uses cookies.