Тігіншілік оның сүйікті кәсібі, абыройлы еңбегі

Бүгінде «Бастау бизнес» жобасы сәтті жүзеге асырылуда. Бұл бағдарламаның қазіргі күнде халыққа берері мол

Мемлекеттік бағдарлама аясында шағын несие алып өз кәсібін дөңгелетіп отырғандардың қарасы күн артып өсіп келеді. Бағдарламаның мақсаты – халықты жұмыспен қамтып, жұмыссыз жандардың әлеуетін арттыру. Мемлекет тарапынан үлкен қолдауға ие болған кәсіпкерлер, біздің ауданда да бар.

Жерлесіміз Зульфия Ғапбасова да бүгінде «Бастау бизнес» жобасы бойынша оқу оқып, бизнес жоспар құрған екен. Жоспарын қорғап, өз бағын сынағаннан кейін, бағы жанып шағын несиеге қол жеткізіп, келелі бағдарламаның оң нәтижесін көрді.

Біздің бүгінгі кейіпкеріміз он қолынан өнері тамған нағыз ісмердің өзі. Бала күнінен әжелерінің қасында жүріп-ақ, іс тігіудің қыр-сырына қанық болған көрінеді. Дегенмен, тәрбиеші мамандығын таңдап, біраз жылдар бойы бала жанының бағбаны болғанын айтып өтті.

Ал, бүгінде Зульфия нағыз хас шебердің өзіне айналған жан. Ол өзінің еңбегін абыроймен атқарып, халықтың шексіз ризашылығы мен зор алғысына да бөленіп үлгерді. Оның қолынан шыққан құрақ көрпелері мен дорба-қоржындары, қыз жасауы көздің жауын алып, бүгінде жоғары сұранысқа ие.

– Бала күтімімен үйде отырған кездерде, тігін тігуді қолға алған болатынмын. Сіңлім ұзатылып, тұрмыс құрған уақытта қазақтың салтымен қыз жасауын дайындадық. Сіңліме жасауын өзім жасадым. Бұл алғашқы және жаныма жақын еңбектерімінің бірі еді. Күн арта қол өнерге, тігін тігуге деген қызығушылығым арта түсті. Бүгінде кәсібіме айналды десем артық айтпаған болармын. Өнерімнің арқасында бүгін нәсібімді тауып, тұтынушыларымның алғысын арқалап келемін. Маған тапсырыс берген жандардың көңілінен шығып, тапсырысты межеленген уақытта дайындауға тырысамын. Ең бастысы халықтың көңілен шығу. Көптеген ұсыныс пен тапсырыс түсіп жатады. Той-думандарға арналған дорба-қоржындар, төр көрпе мен шай көрпелерге деген тапсырыстар жетерлік. Ауыл-аймақ, қалалардан хабарласып жатады. Бір шеті Ресей елінен де тапсырыс алдым. Барлығы зор еңбекпен келеді, – дейді оң қолынан өнері тамған шебер.

Алғашқыда туыс-туған, жақындарына арналған бұйымдары, күн арта елдің көңілінен шыға бастаған екен. Бірте-бірте жұмыс ауқымы көбейіп, күн өткен сайын тапсырыстың саны артып, оюлар мен құрақтардың түрі көбейе бастайды. Толассыз еңбек етіп, алға қойған мақсатқа жетуді көздейді. Өз білімін жетілдіремін деп, түрлі курстарға да қатысады. Қазіргі таңда жүрек қалауы болған өнері алға жетелеп, өз еңбегін аса сүйіспеншілікпен атқарып келеді. Бүгінде өз еңбегінің жемісін көріп, зор жетістіктерге де қол жеткізуде.

Зульфияның жасап жатқан зор еңбегі үлкен ыждағаттылық, табандылықты талап етеді. Ол үнемі ізденіс үстінде. Заманның талабы мен ағымына сай еңбек еткенді жөн санайды. Тапсырыстары толастар емес. Әркез көптеп түскен тапсырысты уақытылы, тұтынушыларының талабына сай етіп орындау оның басты мақсаттарының біріне айналды. Заман көшінен қалмай, туындыларын түрлі ою-өрнекпен көмкеріп, күнделікті тынбай еңбек атқаруда.

Өз ісін көненің көзіндей болған ескі тігін машинасымен бастаған шебер, бағдарлама аясында қол жеткізген қаражатты, жаңа іс машинасына жұмсаймын деп жоспарлап отыр. Заманауи үлгідегі іс машинасын алып, алдағы күнде өз ісін дөңгелетсем деген ниеті де бар. Алға қойған мақсаты да жетерлік. Болашақта аудан орталығыныан тігін цехын ашып, еңбек етемін деген өнерлі қыз-келіншектерді жұмыпен қамту. Ол үшін көз майын тауысып тігін тігіп, қажырлы еңбек етуге дайын екендігін де жасырмады.

Ұрпақ тәрбиесі жайлы сөз қозғағанда «Ана көрген – тон пішер» деген қанатты сөзге тоқталамыз. Біздің кейіпкеріміз де қос перзентті, қарлығаштай қос қызды тәрбиелеп отырған аяулы ана. Балаларының болашағы жарқын болуы үшін де, кейіпкеріміз аянбай тер төгуде. Бүгінде Жансезім және Аяжан есімді қос қызы аналарына қарап бой түзеп өсіп келеді. Аналарының өнері мен еңбегіне әркез қолдау білдіріп, аналарына үлкен сеніммен қарайтын көрінеді. Кішкентай қызы Аяжан да, анасы сияқты шебер болуды армандайды. Бүгіннің өзінде кішкентай тігін машинасының құлағында ойнап, анасына қолғабыс етуде. Ою мен пішу тәсілдеріне қызығушылық танытып, құрақтың түрлерін үйренуде.

-Құрақтың түрі көп. Әр оюдың өзіндік тарихы бар. Қазақ халқы қашанда құрақ пен оюға аса құрметпен қараған, салт пен ырымға сенген халық. Әр құрақтың түріне үлкен ізденіспен қарап, тарихын тереңнен білуге тырысып жатамын. Маған қарап кішкене қызым да бой түзеп, өсіп келеді. Менде қызыма білгенімді үйретіп, қолдауға тырысамын,-дейді шебер.

Ұлттық бұйымдарды ою-өрнекпен көмкере білген шебердің күнделікті атқарар еңбегінің оңай емес екендігін байқадық. Дегенмен, ісмер «Еңбектің наны тәтті» деген қағиданы қатаң ұстанатын көрінеді. Кәсібіне қадам басқан сәтінен бастап, жауапкершіліктің не екенін түсіне біліп, ел алғысын арқалап келеді. Еш қиындыққа қарамастан алға ұмтылуда. Алдына мақсат қоя біліп, ешуақытта ізденістен қашпады. Сол ізденісітің арқасында бүгінде үлкен еңбектің нәтижесін көріп, мемлекеттің қолдауын сезініп отыр.

Болашақта Зульфия Маратқызының еңбегі еселеніп, дәстүрге сай жасалған сапалы дүниелері әр қазақтың үйінен табылады деген сенімдеміз. Шебердің ісіне береке, мол табыс тілейміз.

Тұрсынай Мұхтарқызы

Редактор

Поделиться
Опубликовал
Редактор

Недавние новости

Журналиста Максима Сушко признали невиновным по делу о клевете в адрес акима п. Октябрьский

Дело прекращено за отсутствием состава правонарушения, сообщает "ТоболИнфо" (далее…)

3 дня назад

Наурзумцы получили долгожданный автомобиль скорой помощи

Новым санитарным автотранспортом с 2019 года оснащены уже 5 медицинских участков района. (далее…)

3 дня назад

Класс памяти о погибшем герое, который спас ребенка, открыли в Аулиекольском районе

Этот кабинет станет символом памяти и уважения к героическому поступку выпускника школы Салимбека Альденова, который…

3 дня назад

This website uses cookies.