Тасқыннан кейінгі Арқалық

 Су тасқынынан кейін оңтүстік өңірлердің жолдарын қалпына келтіру жұмыстары басталды. Бұл жөнінде облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының бөлім басшысы Айбар Сейтқазинов айтты.

– Арқалық қаласына қарасты Ашутасты, Аққошқар, Шилі, Алуа, Жаңақала ауылдарының кіреберіс жолдарының су өткізу құбырларын орташа жөндеу жұмыстарын жүргізуге «Алюминстрой» ЖШС мердігер ұйымымен шарт жасалды. Бүгінде құрылыс-монтаждау жұмыстары басталып кетті. Қайнар, Екідің, Ашутасты, Шилі ауылдарындағы су өткізу құбырларын жөндеуді «Арка К» ЖШС және жеке кәсіпкер Қасымбаева міндетіне алатын болды. Мердігер ұйымдар өздерінің жұмыстарын бастауға әзір, – деді бөлім басшысы.
12 сәуірде Үкіметтің төтенше резервінен Арқалық қаласында тұрғын үй сатып алу үшін 405 миллион теңге бөлінді. Тексеру жүргізіліп, қажетті қаражат мұқтаж отбасыларға кезең-кезеңімен бөлінетін болды.
Шұға ҚОҢҚАБАЙ

Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31

Просмотров: 7