немесе өнер кафедрасының іргелі жұмыстары жөнінде
Көпшілікке мәлім, бұрынғы Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты 2018 жылдың наурызында Қазақстан Республикасы Үкіметінің арнайы қаулысымен университет атанды.
Қайта құрылғаннан кейін, оған өңіріміздің тумасы, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор, академик Өмірзақ Сұлтанғазинның есімі берілді.
Ал біздің осы жоғары оқу орнына қарайтын өнер кафедрасы «Музыкалық білім-МУЗО», «Бейнелеу өнері және сызу» білім беру бағдарламалары бойынша білікті кадрлар дайындайды.
Ерекше тоқталып кетер бір жай, өткен жылдан бастап «Хореография өнеріне негізделген музыкалық білім» білім беру бағдарламасы бойынша алғашқы рет талапкерлер қабылданды. «Музыкалық өнер» магистратурасы бағытында лицензия алуға байланысты жұмыстар жүргізілуде.
Кафедраның оқытушылар құрамы музыкалық білім мен көркем өнер саласында оқу-әдістемелік және ғылыми-зерттеу жөнінде де ауыз толтырарлықтай істер тындыруда.
Мәселен, көпшілік білетін оқытушылар С. Задорожная, С. Айсина, К. Жақаева, Д. Тұрлыбаева Омск мемлекеттік педогогикалық университетінің, сондай-ақ әріптестеріміз С. Акбужурова, Н. Амирхамзин А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің магистрлік диссертацияларын ойдағыдай қорғады.
Әңгіменің орайы келгенде, М. Ордашева Оңтүстік Орал гуманитарлық-педагогикалық университетінің аспирантурасында оқып жатқандығын да айтып өткеніміз лазым. Ал А. Касаболат Елордамыз Астанадағы Л. Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университетінің доктарантурасында білім алуда.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2015-2017 жылдары ғылыми зерттеулерді қаржыландыру гранты бойынша М. Сапиева, С. Задорожная, С. Акбужурова «Ғасырлар шегіндегі Қазақстан композиторларының академиялық аспаптық музыкасы (1980-2014 жж.)» ғылыми жобасы бойынша ізденіс жұмыстарын аяқтады.
Осы іргелі жұмыстың нәтижесінде екі оқу құралы дайындалды. Бұл құнды дүниелер Қостанай қаласындағы балалар музыкалық мектебінің оқу үрдісіне енгізілді.
Мысалы, М. Сапиева «XX-XXI ғасырлар шегіндегі Қазақстан композиторларының фортепианолық музыкасы (1980-2014 жж.)» секілді еңбектің де алар орны ерекше дер едік.
Сондай-ақ С. Задорожная, С. Акбужурова «XX-XXI ғасырлар шегіндегі ансамбльдер мен оркестрлерге арналған Қазақстан академиялық музыкасы (1980-2014 жж.)» және басқа да айтулы еңбектер жарық көріп, барша музыка саласындағы еңбек етіп жатқан оқытушылар мен студенттердің жұмыс және оқу барысында пайдаланатын рухани дүниесіне айналды.
Халықаралық іскерлік бойынша да атқарылған істер қаншама. Осы арада нақты деректер мен дәйектерге сүйене кетелік. Біздің әріптестеріміз М. Сапиева, С. Акбужурова Ресейдің Екатеринбург, Челябі, Түмен, Самара қалалары мен Башқұртстанның Уфа шаһарларында Мәдениет, Өнер және Шығармашылыққа қатысты халықаралық байқаулардың жобаларына әділ қазы мүшесі ретінде қатысты.
Мәселен, М. Ордашева көршілес елдің Щадрин мемлекеттік педогогикалық университеті мен Қостанай мемлекеттік педагогикалық университеті арасында оқытушылардың академиялық мобильдігін дамыту бойынша келісім-шарт шеңберінде 2018 жылдың қарашасында көркем өнер және кәсіби компьютерлік бағдарламаларды оқыту саласында оқытушылардың академиялық мобильдігіне атсалысты.
Мұндай жоғары оқу орындары арасындағы ізгі мақсаттағы қарым-қатынастың екі жаққа да берері мол екендігін өмір көрсетіп отыр. Былтырдан бастап Екатеринбург шаһарындағы Урал мемлекеттік педагогикалық университеті музыкалық білім кафедрасы мен «МУЗО» бірлескен білім беру бағдарламасын жасау мақсатында да жұмыстар атқарылуда.
2018-2019 оқу жылында академиялық мобильдік бағдарламасы бойынша студенттердің тәжірибе алмастыру шеңберінде Ернұр Саруаров Ы. Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институтында білім алуда.
Кафедра оқытушылары және студенттер жаңашыл жобаларда, STARTUP жобалар байқауларына, көрмелерге қатысты. Өнер кафедрасының меңгерушісі М. Сапиеваның, оқытушы М. Ордашеваның ғылыми басшылығымен 2017 жылы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің қамқорлығындағы Студенттер жобаларының республикалық байқауында ІІІ орын алды.
Ал А. Қасаболат және студент Анель Абуталипова Кәсіпкерлер палатасының сертификатына ие болды. Мысалы, Камила Сақтағанова жастарды өмірге тарту және қоғам игілігіне пайдалы қызметке маңызды дағдыларды дамыту бойынша «JustProjekt» әлеуметтік жобалар байқауында 1 000 000 теңге грантты ұтып алғаны белгілі.
Білікті мамандар Н. Амирхамзин мен С. Акбужурованың басшылығымен студенттер Бейбарыс Тойшан, Анар Кенжағаринова, Ардан Балабеков «Рухани жаңғыру» республикалық бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде Қостанай облысы композиторларының музыкасын насихаттау мақсатында жоба ұсынды.
Ізденімпаз ғалымдар яғни өнер кафедрасының ұстаздары К. Жақаева мен А. Қасаболаттың басшылығымен «Жанұя» балалар үйінде «Айналайын» әлеуметтік жобасы жүзеге асырылуда.
Факультетте оқу-хор ұжымы шығармашылық ізденісін үнемі жалғастырып келеді. Жоғары курс студенттері Астананың 20-жылдығы шеңберінде «Астана – әлем дауысы» халықаралық фестивалі – музыкалық жобасына да атсалысты. Алыс және жақын мемлекеттердің 20 елінің хорға қатысушылары Астанада әлемдік және дәстүрлі дін көшбасшыларының VI съезі форумында өнер көрсетті.
Республикалық, халықаралық байқаулар мен көрмелерде студенттер табыстарға қол жеткізуде. Беделді өнер жарыстарында Әсем Шегенова I дәрежелі, Ғизат Кимельбаев II дәрежелі лауреат атанды.
Сонымен қатар Сұлтан Қабдуали I дәрежелі, Ботакөз Назар III дәрежелі лауреат болғандығы да көпке белгілі болса керек. Еліміздің табиғаты әсем Бурабайда ұйымдастарылған «XXI ҒАСЫР ТАЛАНТТАРЫ» IV халықаралық өнер ассамблеясында Балжан Жомартова, Жансұлу Бозанова Уфадағы халықаралық байқауда жүлделі орындарға ие болды.
Ал Бекболат Жазықпаев және Мақпал Нурдуллаева «Таланттар шоуы» облыстық байқауының финалистері атанды. Әңгіменің орайы келгенде Сұлтан Қабдуали, Динара Есенова, Александра Воронцовалар да университетіміздің атын шығарып, ерекше көзге түсті.
Біздің еңбегіміз шәкірттеріміздің өнер мен мәдениет саласындағы жетістіктерімен бағаланады. „Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын„ демекші, студенттер Инабат Жұматаева, Екатерина Садовника Астана қаласындағы халықаралық «Шабыт» байқауына қатысты.
«Шабыт» демекші, Инабат Жұматаева Қостанай облыстық меценаттар клубының «Көркем өнер» номинациясы бойынша осындай атаудағы сыйлықтың лауреаты. Оның Жітіқара қаласы, Затобол кенті және Денисов ауданы Қырым ауылында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында ұйымдастырылған шығармашылық жұмыстарының көрмесі ерекше әсер қалдырды.
Факультет мақтанышы Жібек Темірбекова 2018 жылдың мамырында «Сиқырлы акварель» атты жұмыстарының нәтижесі ретінде ол да көрмесін өткізді. Студент Юрий Новоселов қорының «Қазақстанның белгілі тұлғаларының портреті» облыстық байқау шеңберінде Қостанай шаһарындағы облыстық галереясының экспозициясына қатысты.
Студенттеріміз басқа да байқаулар мен өнер жарыстарына қатысып, үнемі мерейлері үстем болып келеді. Оның бәріне бірдей бір мақалада жан-жақты тоқталу мүмкін емес.
Өнер кафедрасы білікті мамандардың ұясы болып табылады. Біздің факультетке қабылданған жастар қашан да биіктерден көрінеді. Өйткені, мұнда олардың алаңсыз білім алып, таңдаған кәсіптері бойынша өздерін көрсетуге толық мүмкіндіктер бар.
Кафедрада түрлі мамандықтар бойынша ғылыми үйірмелер жұмыс істейді. Студенттер бос уақыттарында өздерін жетілдіру мақсатында шеберліктерін шыңдайды. «Ровесник» педагогикалық жасағы және дебаттарға қатыса алады.
2019 жыл жастар жылы деп жарияланғаны көпшілікке мәлім. Сондықтан біз де шәкірттеріміздің қазіргі заман талабына сай терең білім алуына, сұранысқа ие әрі туған жерінің нағыз патриоттары болып қалыптасуына айрықша назар аудара береміз.
Сауле Акбужурова,
Шынар Есмағанбетова, Өмірзақ Сұлтанғазин атындағы Қостанай мемлекеттік педагогикалық университеті өнер кафедрасының аға оқытушылары
Концертке қазақ эстрада жұлдыздары мен облысқа танымал әртістер қатысып, жергілікті композиторлардың әндерін шырқады (далее…)
16 жыл бойы күткен жеңіс (далее…)
Ежегодный конкурс-фестиваль самодеятельного народного творчества «Өнеріміз саған, Казақстан!» прошел в селе Камысты (далее…)
Его не стало 16 ноября в возрасте 62 лет (далее…)
16 жасында әлем чемпионы атанды (далее…)
Трое из них — дети (далее…)
This website uses cookies.