Табиғат аясындағы форумның екіншікүні

 “Мемлекеттік тілге 7 қадам” жобасы аясында бүгін екінші күні форум қатысушылары Науырзым Мемлекеттік табиғи қорығына барып шеберлік сағаттарына қатысты.

Аудандық спорт бөлімінің ұйымдастыруымен қол күрес, асық ату, арқан тарту, тартыс және тоғызқұмалақ ұлттық ойындарын ұйымдастырды. Сонымен қатар, аудандық жастар ресурстық орталығы жастарға темблдинг өткізді.

-Мен арнайы осы форумға Арқалық қаласынан келдім. Расын айтсам, маған өте қатты ұнап жатыр. Менің ұлтым әзербайжан, осы форумға келіп жаңа достар таптым, мен сияқты өзге ұлт өкілдері де бар, олармен біз қазақша тілдесіп, сөздік қорымызды толтырдық. Табиғат аясында осындай іс шара өте керемет өтті, ең қызығы киіз құрадық достарымызбен. Сондай-ақ, қыздармен арқан тартыстық. Ұйымдастырушыларға үлкен рахмет. Форум жоғары деңгейде өтуде дейді, Арқалық қаласынан келген Мадина Азизова.

Жібек МЫРЗАҒАЛИ


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31

Просмотров: 7