Тағылымы мол конференция

Өмірзақ Сұлтанғазин атындағы Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінің акті залында облыстық ішкі саясат басқармасының ұйымдастыруымен «Qaz Talk» азаматтық қоғамның ашық конференциясы болып өтті

Аталмыш басқарманың идологиялық жұмыстар бөлімінің басшысы Абылайхан Какеновтың айтуына қарағанда, бұл басқосудың басты мақсаты-жастарды әлемдік  бәсекеге қабілетті болуға үйреті. Сонымен қатар жан-жақты білім алудың қаншалықты маңызды екенін түсіндіру.

Үстіміздегі жыл жастар жылы болып аталғаны белгілі. Бұл дегеніміз, мемлекет тарапынан жастар ерекше назар аударылатынын білдірсе керек.

Сондықтан Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» деп аталатын мақаласын басшылыққа ала отырып, жастардың арасында осындай конференция өткізіліп отыр.

Мұнда әр салада өздерінің білімімен, іскерлігімен алғы шепте көрініп жүрген жастар спикер ретінде жиналғандарға өздерінің кәсіптерін мысалға келтіре отырып, егер адам іздене білсе көп нәрсеге қол жеткізе алатындығы жайында баяндады.

Осынау жиынға арнайы шақырылған 4 спикердің бірі Шолпан Нұрқанованы сөзге тартқанымызда ол бізге былай деді:

-Мен бұл конференцияға білім саласы бойынша өзімнің жинаған тәжірибемді ортаға салып, артымнан еріп келе жатқан жастарға білгенім мен түйгенімді баяндауға келдім.

Бүгін де елімізде сапалы білім алу үшін барлық жағдай жасалған. Өзім білім саласында қызмет атқарып жүргендіктен болар, жастардың оқуға деген қызығушылығының артқанын қалаймын.

Қазіргі таңда 5 жастағы баладан бастап ересектерге дейін ағылшын тілін меңгеруді қалайды. Бұл өте жақсы көзқарас. Біз әлемдік бәсекеге қабілетті халқы болу үшін біріншіден тіл білгеніміз дұрыс деп санаймын.

Сонымен қатар мемлекетіміз дамыған 30 елдің қатарына енуі үшін де жергілікті халықтың сауатты болуы тиіс. Бұл мақсатта ел болашағы жастардың білімге ерекше ден қойып, көп тіл үйреніп, білікті маман атануылары маңызды.

Сондай-ақ тағылымы  мол конференцияға жиналған жастар арнайы шақырылған спикерлерге көкейлерінде жүрген  сауалдарын қойып, нақты жауап алды.

Аягөз КӘКІМЖАНОВА


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31

Просмотров: 4