Тәуелсіз елдің болашағы жарқын

Оны өркендету жастардың қолында

Заман өзгерісі әрқашан да жаңа ұрпақтан танылатыны бұрыннан белгілі. Алдымызда тұрған ауқымды мәселелерді шешу үшін оларға қойылар талаптар да аз емес.

Жастар болашақтың бастауы болғандықтан олардың тәлім-тәрбиесінен бастап, сапалы білім алуы, толыққанды тұлға ретінде өмірден өз орнын табуы, аса маңызды.

«Отан отбасынан басталатындықтан» ата-ананың тәрбиесімен бойға даритын ізгілікті балабақшада дамытып, мектеп пен жоғарғы оқу орындарында рухани және дәстүрлі құндылықтарды жастардың санасына сіңіру – оның тұлға болып қалыптасуына ықпал ететін маңызды іс.

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев қашанда жастарға аса көп назар аударады. «Қазақстан-2050» стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Жолдауында жастарға дәстүрді ардақтап, дәстүрге сай діни сана қалыптастыру қажеттігін айта келіп, қаракөз қазақ қыздарын өзге елдің киімін үлгі тұтпай, ұлттық болмысқа сай киіну мен қазіргі заман ағымына сәйкес өмір салтын ұстануға шақырған болатын.

Мемлекет тарапынан жастарды қолдау үшін қаншама бағдарламалар жасалып жатыр. Атап өтер болсақ, «Жасыл ел», «Жастар кадрлық резервi», «Дипломмен ауылға», «Серпін-2050», «Қолжетімді баспана – 2020» және тағы да басқа бағдарламалар бар. Жастар табанды еңбек етіп, елімізде болып жатқан оңды үрдістерге белсене қатысуы арқылы ғана жетістікке қол жеткізіп, биіктерге көтерілуге болатынын түсінуі маңызды.

Қазіргі күні жастардың жан-жақты білім алуларына, бизнес бастап, кәсіппен айналысуларына мемлекет барынша жағдай жасауда. Облыс орталықтарында жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармалар құрылды. Дәл сондай мекеме біздің астық аймағы Қостанай облысында да белсенді жұмыс атқаруда.

Аталмыш басқарманың басшысы, іскер азамат Марат Жұрқабаевтің айтуы бойынша, Бүгінгі таңда жастар үшін көптеген бағдарламалар іске асырылып, жыл сайын мыңдаған жас мамандар жоғары оқу орындары мен колледждердің түлектері өмірлік бастаудың жаңа мүмкіндіктерін алуда. Бұның барлығы – Ұлт Көшбасшысының көреген саясаты екендігі белгілі. Президентіміз өз Жолдауында ерекеше назар аударатын жайттардың негізгі мәселелерін көрсеткен болатын. Еліміздің жас ұрпағы үшін білім беру, еңбек нарығы және ақпараттық технологиялар мәселелері ерекше маңызға ие.

Қостанай облысының жастар ұйымдарын мақтанышпен айтуға болады. Қаламыздағы белсенді ұйымдар дегенде «Жайдарман» тобы, «Ел ертеңі» сияқты қоғамдық бірлестіктерді бірден еске түсіруге болады. Және дарынды жастарды қолдауға арналған ғылыми-зерттеу бағытындағы «STARTUP» жобасы Қостанай инженерлік-экономикалық университетінің қабырғасында жүзеге асып жатыр.

Сонымен қатар «Қостанай облысы жастарының Алтын кітабы» деген де жоба 2005 жылдан бастап жүзеге асып келеді. Қазіргі уақытта аталған жоба жастарының «Алтын кітабына» көптеген лауреаттардың есімі тіркелген. Бұл жобада әртүрлі салада жетістікке жеткен жастарды анықтап, оларды марапаттайды.

Болашақта «Алтын кітаптың» деңгейін көтереміз деген мақсат бар. Міне, осы атқарылып жатқан жұмыстардың өзінен Қостанайлық жастарға барлық мүмкіндік жасалып жатқандығын көруге болады. Дәл осы жастар мәселесінің біздің Қостанайлық баспасөздерде қаншалықты көтеріліп жатқандығы жөнінде ақпарат жинаған болатынмын.

Жалпы қорытындылай келе, ең алдымен айтарым біз, жастар «Қазақ» деген ұлы елдің ұрпақтарымыз және осы елдің тұғырының биік болуы тек біздің қолымызда. Әйгілі жазушы Мұхтар Әуезовтің «Ел болам десең – бесігіңді түзе» деген сөзінде сан-алуан астар бар. Кемеңгеріміздің бұл жерде «бесігіңді түзе» деген сөзді «ұрпағыңды түзе» деген сөздің баламасы ретінде қолданып отыр. Демек, ұрпақтың дүние танымы мен рухани байлығы үлкен жауапкершіліктің жүгі екені айқын.

Мемлекет басшысы 2019 жылды «Жастар жылы» деп жариялағаны белгілі. Бұл жылды еліміздің тірегі жастар мәселесіне жете мән берілгендігімен аса маңызды деп санаймыз.

Еліміздің даму стратегиясы жүзеге асатын болса, жас маманның жақсы өмір сүру қағидаттары орындалатын болады.

Сағыныш Ибрагим


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31

Просмотров: 0