Ел бірлігі бекем болғай
Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов, төтенше жағдайлар жарияланған Торғай өңіріне келіп, қар суынан зардап шеккен ауылдарды аралады. Жергілікті тұрғындармен кездесіп, мемлекет тарапынан қолдау болатындығын айтты. Қысылтаянда бас бірліктерін танытқан ауылдық ағайындарға алғысын білдірді.
“Қарғын судың ортасында қалып, бастарыңызды қатерге тіктіңіздер. Ең бастысы сабырлық танытып, әр істі таразылап, ақылмен шештіңіздер. Біз үшін бірінші халықтың, екінші мал басының амандығы керек. Сіздердің қауіпсіздіктеріңіз үнемі менің назарымда. Қандай жағдай болса да көмек қолын созуға әзірміз. Қауіп қатер сейілгенше облыстық төтенше жағдайлар басқармасы мен жергілікті төтенше жағдайлар бөлімі сіздерге қалтқысыз қызмет жасайды. Үрейге беріліп, бұрыс шешім қабылдап жүрмеңіздер. Тиісті жұмыстар атқарылып, су құрсауында қалған ауылдар қалып келтірілетін болады””— деді аймақ басшысы.
Сонымен қатар, тұрғындары қауіпсіз жерлерге көшіріп, олардың жағдайларын жасап, қадағалап отыруды аудан әкімі Шота Оспановқа тапсырды.
Байбатыр АХМЕТБЕКОВ
Жанкелдин ауданы
Фото: Бердіболат Көркембаев.
Район находится в зоне рискованного земледелия, и температурный режим там всегда на порядок ниже, чем…
Сделано это для поддержки отечественных товаропроизводителей. Об этом сообщает "Наш Костанай" (далее…)
6 апреля завершился чемпионат Костанайской области по волейболу среди женщин, в котором приняли участие 13…
Новая система FACE ID предотвращает попадание в учреждение образования посторонних лиц, тем самым обеспечивая безопасность…
Из-за теплой погоды активность клещей в этом году началась раньше, чем в прошлом. Об этом…
Подрядчик, выигравший тендер на строительство объекта, сейчас судится с отделом ЖКХ. Об этом сообщает "ТоболИнфо"…
This website uses cookies.