Судья және сот қызметкерлеріне құрмет көрсетілді

 Былтырғы жылдан бастап Қазақстандағы мерекелік күндердің тізбесіне судья және сот қызметкері күнімен толықтырылған болатын, ол жыл сайын елімізде 24 маусымда атап өтіледі.

Үшінші билік өкілі саналатын сот саласы еліміздің демократиялық және құқықтық мемлекет құру, қоғамдағы тұрақтылық пен азаматтық бейбітшілікті сақтау жолында маңызды рөл атқарады. Өйткені, қоғамдағы даулар мен жанжалдарды шешу судьядан жоғары білімді, тәжірибені және мінсіз адами және тұлғалық қасиеттерді талап етеді.

Биылғы жылыда осы айтулы мереке қарсаңында аудан әкімі Мәди Ихтиляпов аудандық сот ұжымымен кездесіп, қызметкерлерді кәсіби мерекелерімен құттықтады.

-Бүгінгі сот жүйесі еліміздегі түбегейлі өзгерістермен тікелей байланысты реформаларды бастан өткеруде. Реформалардың мақсаты – сот жүйесін халыққа жақындатып, мықты әрі тиімді, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын сенімді қорғауға қабілетті жүйе құру. Осы айтулы мерекеде елімізде әділ сот төрелігін қалыптастыру мен жетілдіру жолындағы қажырлы еңбек етіп келе жатқан әріптестерге табыс, еңбектеріне жеміс, отбастарына амандық тілеймін! Жұрт аман, ел тыныш болсын!, – деді аудандық сот төрағасы Алмаз Қалиев.

Жібек Мырзағали


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31

Просмотров: 2