Станционныйға су құбыры тартылды

Қарабалық ауданындағы бес жүз үйлі Станционный ауылының тұрғындары көп жылдан бері суды тасып ішетін

Қазір үйлердің 40%-ына су құбыр тартылды.
Ауыл тұрғындарының кейбіреуінің ауласында құдығы бар. Бірақ, оның суы ішуге жарамсыз. Тек, мал, бау-бақша суаруға пайдаланады. Бұдан былай шалғай ауылдағы ауыз су мәселесіне түбегейлі нүкте қойылғалы тұр. Яғни, талай жыл тасымал суға күндері қараған жергілікті жұрттың алдағы күннен үміті зор.

– Ауыл ішіндегі су таратушы торап салынып бітті. Қазір үйлердің 40%-ына су құбыр жеткізілді. Енді бәріміз соны іске қосу сәтін тосып отырмыз, – дейді Станционный ауылдық округінің әкімі Бауыржан Жақаев.

Әзірге, құрылыс нысанының ұсақ-түйек жұмыстары қалған. Оны әрі кеткенде бір айдың көлемінде аяқтаймыз деп отыр мердігерлер. Айтпақшы, былтыр ауданда бұдан басқа Новотроицк ауылына да орталықтандырылған су желісі тартылса, тағы екі ауылға су тазарту, тарату пункті орнатылды.

Сондай-ақ, Боскөл, Лесное, Михайлов ауылдарында су тазартатын құрылғылар іске қосылмақ. Бұған 4 млрд теңгедей қаржы қарастырылған. Егер осы айтылған жобалар толық жүзеге асса, Қарабалық ауданының тұрғындарын сапалы ауызсумен қамтамасыз көрсеткіші 79%-дан 90%-ға дейін артпақ.

Шұға Қоңқабай


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31

Просмотров: 6