Сарыкөл ауданында балық аулауды бала кезден әуеске айналдырғандар қатары жетерлік. Солардың бірі – соналылық Болат Қожалинов.
Жарты ғасырға жуық тәжірибесі бар Болат Қожалинов өзін ондай бір қатты балықшымын деп санамайды. Балыққа тек бос уақытында барады екен.
-Мен өзімді ондай қатты балықшымын деп айта алмаймын. Әуесқоймын, бос уақыт болғанда ғана барамын. Қазір зейнеттемін. 5 жыл болды, әйелім де зейнетте. Боран, суық болса, үйде отырамын. Күн жылынып қалса ғана барамын. Жаман нивам бар, жүреді әйтеуір. Сонымен Сарыкөл көліне барып, шамалап ақбалық, алабұға, шортан аулаймыз. Кей кезде 3-4 келі алып келемін, ал кейбір кезде түкте әкелмеймін. Балық деген нәрсе сондай ғой, – дейді балықшы.
«Алабұға, ақ балық, қармағымды қап, балық» деп, қолдағы қармақты құлаштап кеп суға лақтыратын едік жас кезімізде деп әңгімесін әріден бастады кейіпкеріміз.
-Жас кездері достарыммен Көкшетау, Ұзынкөл жағына дейін барып балық аулайтын едік. Түнге дейін жүре беретінбіз. Ал, қазір Сарыкөл көліне ғана барамын. Жаздыгүні шабақтарды ұстап, үйдің жанындағы котловандарға жібереміз. Сосын жаз бойы өседі, сол балықтарды аулаймыз. Су көп болса биыл да солай жасағымыз келіп отыр, – деп жоспарларымен де бөлісті тәжірибелі әуесқой балықшы.
Жалпы, балықшы Болат Қожалинов – еңбек адамы. Зейнетте болса да кәсіпкерлікпен айналысады.
– Кәсіпкерлікпен айналысамын. Әлі күнге дейін астық сеуіп, оны жинаймыз. Екі ұлым көмектеседі, – дейді ол.Болат жұбайы Ұлтуған екеуі үш баланы өмірге әкеліп, қанаттандырды. Үлкен қызы Балым Астанада, ал, қос ұлы Ермек пен Алмаз Қостанайда тұрады. Олардан бас-аяғы 8 немере сүйіп отыр.
«Балықшы балықшыны алыстан таниды» – демекші, осы кәсіпке әуестенген Болат Қожалиновтың әріптес әрі ниеттес достары өте көп. Олар табиғат туралы, су тіршілік иелерінің ерекшелігі туралы ерекше ақпарат біледі және оны кәсіби хоббиге айналдырған жандар.
Руслан ӘЛКЕЕВ
Суретті балықшы ұсынды
С 7 по 9 марта 2025 года в Магнитогорске прошел межрегиональный турнир по дзюдо, посвященный…
В священный месяц Рамадан индивидуальный предприниматель «Мурдалова» не только поддерживает мусульманские традиции, но и проявляет…
Первый месяц весны оказался щедр на праздничные выходные,сообщает "Наш Костанай" (далее…)
В рамках подготовки к предстоящему паводку специалисты Тобол-Торгайской бассейновой инспекции по регулированию, охране и использованию…
Начать работы по реализации этого важного проекта стало поручением акима Костанайской области Кумара Аксакалова в…
О лекарствах и обеспечении ими пациентов городов и районов говорили сегодня, 11 марта, на…
This website uses cookies.