Категории: Без рубрики

Шынықсаң шымыр боласың

Деген қағиданы берік ұстанған Бейсенби Арықпанов хақында


Жоғары сыныптан спортпен шұғылданды

Осынау азаматты бүкіл Қостанай өңірінің жұртшылығы жақсы біледі. Өйткені, оның шәкірттері спорттың бірнеше түрінен шаһар, облыс және республика деңгейіндегі жарыстарға қатысып, жүлде алып жатқаны көпшілікке мәлім.

Оны іздеген адам үнемі білім ордасының спорт залынан табады. Үстіндегі киімі өзіне ерекше жарасқан денешынықтыру пәнінің мұғалімі өзінен тәлім алып жатқан оқушылардың жүрегіне жол табады.

Қазақы мінезді, намысшыл да қайсар ұстаз үстіміздегі жылы 10 қаңтарда ердің жасы 50-ге толды. Бірақ оның түр-кескініне қарап, бұл жасты мүлдем бермейсіз.

Әлі өз қатарластарынан ерекшеленіп тұрады. Мұның бәрі әрине сайып келгенде, спортпен тұрақты түрде шұғылданудың арқасы десек артық айтпаған болармыз.

Оның жұмыс орнына барып, тілдескен жан көп жайға қанығады. Себебі, оның бос уақыты жоқ. Таңертеңнен кешке дейін шәкірттерінің шынығып, спортта жақсы нәтижеге жетулерін ғана ойлайды.

Жуырда онымен жүздесіп, әңгімелесудің сәті түсті. Ақ жарқын да батыл ініміз өзінің өткен жастық шағына әрі іздену жолындағы кезеңдеріне бір сәт шолу жасады.

Ол 1969 жылы қаңтар айында Қостанаймен іргелес жатқан Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданындағы Озерный кеңшарына қарасты Ақбалық деп аталатын ауылда дүниеге келді.

Өзі қарапайым да адал еңбекпен тіршілік еткен жанұяда өсті. Әкесі Ілияс ағамыз сол өңірге аса танымал әрі ұзақ жылдар бойы сауда саласында және күзетшілік жұмыста болды.

Ал анасы Шолпан апамыз болса, үйдегі бес баласын өз қатарынан қалдырмай ізгілікке тәрбиеледі. Біздің кейіпкеріміз Бейсенби үйдің кенжесі болса да, орынсыз еркелікке салынбады.

Шешесіне қолғабыс етіп, кішкентайынан бейнетке бейім болды. Ауылда тұрған соң бұлардың ата-анасы және бауырлары мал өсіріп, ештеңеден мұқтаждық көрмеді.

Бейсенби Ілиясұлы сонау сағымдай бұлдырап артта қалған жылдары яғни жоғары сыныптан бастап спортқа ерекше ден қойды. Оның қазақ күресімен айналысқаны баршаға аян.

Өсе келе жоғары білім алуды мақсат тұтқан бозбала осы өзіміздің Өмірзақ Сұлтанғазин атындағы Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінің спорт факультетіне студент болып қабылданды.

Осындағы 4 жыл әне-міне дегенше зырылдап өте шықты. 1994 жылы аталмыш жоғары оқу орнын тәмәмдап, Қостанай педагогикалық колледжіне өз мамандығы бойынша қызметке қабылданды.

Шәкірттері намысты берген жоқ

Әлгі аталған педагогикалық колледжде үш жыл жұмыс істеп, тәжірибе жинақтаған Бейсенби Арықпанов 1998 жылдан бері қазіргі Сырбай Мәуленов атындағы гимназияда қызмет атқарады.

Содан бері де арада жиырма жылдан астам уақыт болып қалыпты. Қазір осы білімнің қара шаңырағындағы таңдаулы ұстаздардың бірі. Өзінің көп жылғы төккен маңдай тері лайықты бағаланып, 2017 жылы «Қазақ елінің үздік ұстазы» кітабына енді.

Сондай-ақ арнайы медальмен марапатталды. Әрине, бұл азаматтың мерейін өсірді. Өзінің негізгі жұмысына деген ынта-ықыласы барынша арта түсті.

Сондай-ақ облыстық білім басқармасының Құрмет грамотасымен де марапатталып, әріптестеріне үлгі-өнеге көрсетті. Алайда ол өзі үшін басты награда шәкірттерінің спортта жеткен жетістіктері деп есептейді.
Осы арада сөзіміз жалаң болмас үшін деректер мен дәйектер келтіре кетелік. Өзінің кезінде тәрбиелеген оқушылары Аян Жанатаев және Эльдар Шоткиндер волейболдан Қостанай облыстық құрамасына алынды.
Сөйтіп, олар өңірдің намысын қорғап жүр. Сонымен қатар өзінен тағылым алған Асылхан Әбдірахманов пен Бекзат Төлеутай да спорттағы жетістіктерімен мұның сенімін ақтады.

Жоғарыда аталған оқушылардың бәрі де спорттың волейбол түрімен айналысады. Солардың жеңістеріне ерекше қуанады. Бұдан артық мұғалімге қандай мәртебе болушы еді.

Бейсенби Ілиясұлы қазақ гимназиясының мақтанышы ғана емес, айрандай ұйыған тату-тәтті отбасының иесі. Кезінде өзі сүйіп қосылған жан-жары Айгүл де негізі ұстаздық мамандықты меңгерген.

Ол Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің филология факультетін тәмәмдаған. Бұлардың үш перзенттері бар.

Тұңғыштары Сәния ата-анасының жолын қуып, ұстаз атанды. Одан кейінгі ұлдары Сансызбай бұл күндері 7 сыныпта оқиды. Ол да шаңырақ иесінен өнеге алып, спорттың футбол, волейбол және баскетбол түрлерімен айналысады.

Шаңырақтың кенжелері Альбина әлі төрт жаста. Ерлі-зайыптылар осы балалары есейгенде білікті маман, туған жерінің абыройын көтерер нағыз патриоттар атанса деп армандайды.

Ол бос уақыты бола қалған жағдайда ұлттық аспабымыз домбыра және гитарада ойнайды. Ән салатын өнері де бар. Оған қазақтың ұлы композиторы Шәмші Қалдаяқовтың туындылары және халық әндері ерекше ұнайды.

Бейсенби бізбен болған әңгіме соңында әрбір ата-ана өз балаларын компьютерде ұзақ отырудан сақтандырып, одан гөрі кішкентай кездерінен спортпен шұғылдануларына айрықша көңіл бөлсе екен дейді.
Өйткені, спорт – денсаулық кепілі. Ол кімді болсын шыдамдылыққа, төзімділікке баулиды. Ерік-жігері мықты кісілер әрқашан да аңсаған армандарының биік шыңдарынан көрінетіндері айдан анық.

Оразалы Жақсанов

Суретті түсірген Бағдат АХМЕТБЕКОВ

admin

Недавние новости

В Костанае завершился долгожданный ремонт водно-спасательной станции

Капитальные работы здесь не проводились более 20 лет (далее…)

2 дня назад

Что известно о кирпичном заводе, находившемся рядом с городом Тобыл в Костанайском районе?

Производство здесь было остановлено десятки лет назад, и сейчас на этом месте остались лишь руины…

2 дня назад

В Боровской школе-гимназии робототехнику преподает молодой учитель-программист

Доступ к современным технологиям позволяет мендыкаринским школьникам расширить свои знания (далее…)

2 дня назад

Меңдіқара ауданында Ғ. Жұмабаев атындағы мектеп гимназиясында ұлағатты ұстаз Қапар Нұрабаев атындағы сынып ашылды

Қарашаның 7-ші жұлдызында аудан орталығында орналасқан Ғаббас Жұмабаев атындағы Боровской мектеп-гимназиясының төрінде ұлағатты ұстаз Қапар…

2 дня назад

Карьерный центр Костанайского района занимался фиктивным трудоустройством

В результате незаконно было присвоено 720 тысяч тенге. Эти деньги уже вернули в бюджет. (далее…)

2 дня назад

This website uses cookies.