Жангелдин ауданының орталығынан «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында салынып жатқан «Дене шынықтыру – сауықтыру кешені» қыркүйек айының аяғында пайдалануға беріледі деп күтілуде
Құрылыс жұмыстарына республикалық және облыстық бюджеттен 543 млн 620 мың теңге қаржы бөлінген болатын. Мердігер «Алюминстрой» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі құрылыс жұмыстарының сапасына көңіл бөлуде. Сыртқы жұмыстары толығымен аяқталды. Қазіргі таңда ішкі жұмыстарына қарқынды жүріп жатыр. Екі қабатты спорт кешеніне жылу жүйелері жүргізіліп, заманауи қазындықтар орнатылуда. Аталған спорт кешені пайдалануға берілген уақытта аудандық жұмыспен қамту орталығы арқылы 10 адам тұрақты жұмыспен қамтылады.
– Спорт кешеннің құрылыс жұмыстары былтырғы жылы басталды. Пандемияға байланысты жұмыс жүрмей тоқтап қалған болатын. Ал, биыл қайта қолға алып, білек сыбана кірісті. Құрылыс материалдарын Қостанай қаласынан тасып жатыр. Алдағы уақытта жұмыстар толығымен аяқталады. Спорт саласында өзіндік орны бар танымал спортшыларды жұмысқа аламыз. Ауданымыздағы спорт саласын дамыту басты жоспарымызда бар. Аталған спорт кешені жастарымыздың спортпен шұғылдануына ықпалы тиеді деген үміттеміз. Ең бастысы құрылыс жұмыстарының сапасына көңіл бөліп отырмыз. Аудан әкімінің тапсырмасымен арнайы комиссия құрылды. Олар күнделікті қадағалап отырады. Құрылыс жұмыстары аяқталған соң қабылдау кезінде мұқият қараймыз. Егер бір кемшіл тұсын байқайтын болсақ, мердігер жауап беретін болады. Сондықтан бізге көз бояушылық емес сапалы жұмыстың қорытындысы керек, – дейді аудан әкімінің орынбасары Айдаралы Талпақов.
Байбатыр НИЯЗБЕКҰЛЫ
Люди опасаются, что этой весной стихия нанесет новый удар, то есть до окончания реконструкции, пишет…
Жасанды интеллектінің қырсырын меңгерген ұстаз Степан Галкин Денисов ауданындағы Гришен ауылында тұрады. (далее…)
Крупный трофей Михаилу Кравченко удалось вытащить на озере в селе Диевка. (далее…)
Практически половину своей жизни Евгений Арбузов посвятил сварочному делу, которое стало для него не просто…
Татьяна Зайцева – пример заботливой и трудолюбивой мамы. (далее…)
Женщина, инвестировавшая 21 млн тенге, узнала от полиции, что она стала частью мошеннической схемы. (далее…)
This website uses cookies.