Сарыкөлдік еңбек адамының енбегі еленіп, ҚР Президентінің «Құрмет» грамотасымен марапатталды

Сарыкөл ауданы Тәгіл ауылдық округі Ермаковка ауылының тұрғыны, еңбек адамы ағаштан түйін түйіп, тоқыма тоқыған ерлі-зайыпты Токаревтар отбасын тәгілдіктер түгел таниды десек қателеспейміз.

Хас шеберлерді таныстырған да, жұп етіп жарастырған да – өнер. Олар кезінде безендіруші, суретші мамандығында оқыған. Екеуі сол оқу орында танысып, тағдыр қосқан.

Владимир Токарев шіріген ағаштан шедевр жасайтын шебер. Ең қызығы, Владимир Токарев бірдеңе жасау үшін материал іздеп бас ауыртпайды. Аулада, көшеде жатқан кез келген ағашты кәдеге жарата біледі. Кейде пешке жағатын отынның арасынан да табады. Арнайы сапар барысында әдемі тағам салуға арналған ыдысты көзіміз шалып қалды. Ағаш шебері оның да тарихын бізге айтып берді.

-Электриктер бағандағы сымдарға тиіп тұрған соң көршімнің қара ағашын кесіп тастады. Оны көрген мен соның бұтағын өңдеп, қырып-жоңып, балауызбен зығыр майын жағып, осындай жақсы бір дүние жасадым, – деп қызықты естелігімен бөлісті ол.

Ал, зайыбы Олияның да он саусағынан өнер тамады. Кесте тоқып, күйеуі жасаған дүниелерді безендіріп, кесілген ағаштың қалдықтарынан ойыншықтар жасайды. Жасаған дүниелері көздің жауын алады, көпшіліктің көңілінен шығып жүр. Бұйымдардың денін сыйға береді, сатып аламын дегендердің де қолын қақпайды.

-Бірде күйеуім кескен тақтайшалардан көп ұсақ бөлшектер қалды. Мен олардан кішкентай үйшіктер жасадым. Ол туындым немерелеріме өте қатты ұнады, – дейді Олия Токарева.

Қол өнерді серік еткен жандар мұнымен ғана шектелмейді. Ауылда шағын шаруа қожалығын дөңгелетіп, жан бағып отыр. Яғни, мал өсірумен айналысады. Табыс көзі де сол.

 

Руслан ӘЛКЕЕВ
Суреттерді түсірген автор
Материалды толығырақ «Сарыкөл» газетінің №5 санынан оқи аласыздар.


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31

Просмотров: 7