Сарыкөлде өткен Ұлттық тағамдар мен бата беру сайысы

Ұлттық тағамдар – ұлт денсаулығының кепілі

Аудандық мәдениет үйінде Ұлыстың ұлы күніне орай Ұлттық тағамдар мен бата беру дәстүрлі байқауы өтті.

Ауыл, округтерден келген қатысушылар тыңғылықты дайындықпен келгендерін көрсетті. Дастархан басында қазақтың ұлттық тағамы ет, қуырдақ, бауырсақ, құрт-май, тары-талқан, Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесінде әзірленетін наурыз көже жайнап тұрды. Мәселен, ірімшік, қаймақ, айранның дәмі тіл үйіреді. Халқымыз дастарқанға бұл тағамдардың барлығын жыл бойы молшылық болсын деген ниетпен қоятындығы айтылды. Наурыз көженің түр-түрі, ұн және сүт өнімдерінінен жасалған тағамдар қазылар алқасын тәнті етті.

Байқаудың әділ-қазылар құрамында «Аққожы қажы» аудандық мешітінің бас имамы Асылхан қажы Түсіпбек, аудандық мәдениет, тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Нұрсұлтан Шүленов, зейнеткер ұстаз Гүлмарат Айғұлақова және «Сарыкөл» газетінің редакторы Руслан Әлкеевтер болды.
«Баталы құл арымас, батасыз кұл жарымас» дегендей бүгінгі байқаудан батаның манызы туралы, ата-бабаларымыздың бізге кқалдырған ұлттық тағамдар жайлы құнды мұраларын жаңғыртып, көп тәлім алып өстік.

«Жауынмен жер көгерер, батамен ер көгерер” деп аталарымыз айтпақшы, бата беру – адал ниет, тілек білдірудің ұлттық дәстүрі деген. Бүгінгі байқауымызда әр ауылдан келген аталарымыздың баталары бірінен бірі қалмай бата беріп сайысқа түст. Керемет баталар беріліп, соның ішінде Комсомол ауылынан келген Түлкібаев Зейнулла атамыз бірінші орынға ие болды. Ал, Маяк ауылынан ат терлетіп келген Баймұратов Ысқақ атамыз екінші орынға ие болды. Сонымен қатар, Златоуст ауылынан қатысқан Ғабдулов Қорғанбек пен Тимирязев ауылынан келген Шаметов Төрехан ата-ағаларымыз үшінші орындарды иеленді.

Қазақ халқы асты өте жоғары бағалаған, әрі кастерлей білген. Ел мен елді татуластыру, жақсылар мен жайсаңдарды кұрметтеу, өздерінің үлгілі, өнегелі касиеттерін, елдің дәулетін, түсінігін қазақ кең дастарқан арқылы көрсете білген. «Жаксы сөз жарым ырыс» екеніне сенген халық кең дастарханда батаны әрбір жаксылықтың бастауы деп есептейді.

Ұлтымыздың мақтанышына лайық, дастарқанымызға қойылған ұлттық тағам түрлерімен жақынырақ танысып, ақсакалдарымыздың батасын алып, кезекті кұрметті катысушыларға беріп ұлттық тағамдарымен таныстырып өтті.
Веселый-Подол ауылының ұлттық тағамдары үшінші орын, Соналы ауылының ұлттық тағамдары екінші орын және Большие-Дубравы ауылының ұлттық тағамдары бірінші орынға ие болды.

Ал атам қазақ тамақтың ен құнарлысын, адам ағзасына қажеттісін ішіп жеген. Сондыктан біздің халкымыздың дені сау, батыр халық болған. Соның арқасында осы ұлан байтақ жерді көзінің қарашығындай сақтап, бізге мұраға қалдырған.Қазақ халқының ұлттык мәдени игіліктерінің ішінде, елдің рухани қазынасында бата сөздердің мән-мағынасы жатыр.Байқаудың қорытындысында өз төрелігін, әділдігін айтқан әділ қазылар алқасы жеңімпаздар мен қатысушыларды мадақтама және ақшалай сыйлықтармен марапаттады.

Жадыра ҚОЙШИНА

Редактор

Поделиться
Опубликовал
Редактор

Недавние новости

Чтобы набрать березовый сок в Костанайской области, необходим лесной билет

Об этом сообщил и. о. заместителя руководителя КГУ «Пригородное учреждение лесного хозяйства» управления природных ресурсов…

17 часов назад

Камыстинка Виталина Казаку стала бронзовой призеркой чемпионата Казахстана по вольной борьбе

⠀Сильнейшие борцы соревновались с 9 по11 апреля 2025 года в г. Караганде. В составе сборной…

1 день назад

Хобби Айгуль Мейрамова: «Шью, потому что люблю красоту…»

В Пресногорьковке, старинном казачьем селе Узункольского района, на центральной площади шумел люд на праздничном Наурызе!…

2 дня назад

Алибек Баймагамбетов из села Караменды Наурзумского района верен профессии электрика уже 20 лет

По его словам Алибека Сейлханулы, она дает стабильность, неплохой доход и возможность чувствовать себя востребованным.…

2 дня назад

Психолог и юрист ответили на вопросы пробационщиков Костанайского района

Специалисты также определяли тип личности граждан, находящихся на пробации (далее…)

2 дня назад

This website uses cookies.