Сарыкөл кентінің орталығындағы ескерткішке гүл шоқтары қойылды

 Ерлікке тағзым – ұрпаққа аманат

Бүгін – Отан қорғаушылар күні Сарыкөл кентінің орталығындағы “Меңдеке батыр” ескерткіші алдында іс-шара өтті.

Оған аудандағы барлық мекеме, ұйым қызметкерлері мен сарыкөлдіктер қатысты

Аудан әкімінің орынбасары Әлия Бекмағамбетова сөз сөйлеп, бір топ орган қызметкерлеріне аудан әкімінің мадақтама қағаздарын табыс етті.

-Отан қорғаудағы ата-әкелердің ерлігі мен қаhармандығын бүгінде бейбіт өмір, бақытты тұрмыс кешіп жатқан ұрпақ ұмытпаса керек. Баршаңызға зор денсаулық, отбасының амандығы мен берекесін тілеймін! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын, – деді Әлия Молдабайқызы.

Сонымен қатар, аудандық мәдениет үйінің әншілері “Бабалар руһына тағзым” деп ән шырқаса, жиналғандар ескерткішке гүл шоқтарын қойды.

-Бүгінгі іс-шара ерлікке тағзым ретінде аталып өтті. Бұл формат біз сияқты жастарға көп ой түйдіреді. Мәселен, Меңдекедей елін, жерін қорғаған батыр бабаларымызды ұмытпай, ұлықтауымыз керек. Біздің шырқаған әніміз де осындай баһадүр бабаларға арналды, – дейді аудандық мәдениет үйінің әншісі Талғат Әлғожин.

Руслан ӘЛКЕЕВ
Суреттерді түсірген автор


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31

Просмотров: 2