Сарыкөл ауданының әкімі дауыс берді

 Сарыкөл ауданында АЭС құрылысы бойынша республикалық референдумға жергілікті уақыт бойынша сағат 7.00-де дауыс беру басталды.

Аудан әкімі Ө.Сұлтанғазин жалпы білім беретін мектебінде орналасқан N669 сайлау учаскесіне келіп, өз таңдауын жасады.

-Бүгін мен атом электр станциясын салу мәселесі бойынша дауыс беруге қатыстым. Бұл еліміздің болашағы үшін маңызды қадам, – деп жазды Амантай Кәкімбекұлы өз инстаграмм парақшасында.

Сонымен қатар, алғашқылардың бірі болып, Большие-Дубравы ауылының тұрғыны Сүйіндік Шаймерденов дауыс берді.

-Мен, бүгін № 688 сайлау учаскесінде Қазақстанның болашағы үшін дауыс бердім. Болашақ үшін өз таңдауымды жасадым, – дейді Сүйіндік Харесұлы.

Жалпы, Сарыкөл ауданында 30 сайлау учаскесі бар, таңертеңнен бері сарыкөлдіктер қызу дауыс беру жүріп жатыр.

Руслан ӘЛКЕЕВ
Суреттерді түсірген автор


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31

Просмотров: 2