Сарыкөл ауданында өткен жылы 44 заң бұзушылық анықталды

Бұл туралы Сарыкөл ауданының прокуратурасы хабарлайды.

Сарыкөл ауданының прокуратурасы 2023 жылы қоғамдық мүдделерді қорғау саласындағы қадағалауды жүзеге асыру барысында 19 тексеру және талдау жүргізіп, оның барысында 44 заң бұзушылықты анықтаған. Сонымен қатар, 37 қадағалау актісі енгізіліп, 966 мың теңге көлемінде әкімшілік айыппұл өндіріліп, 22 адам тәртіптік және әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Аудандық прокуратураның актілері бойынша мемлекет кірісіне 780 мың теңге өндіріліп, құны 30,5 миллион теңге болатын ауданы 2,5 мың гектар 4 жер телімі мемлекет меншігіне қайтарылды.

-2136 азаматтың құқығы қорғалды, оның ішінде 1978 мектеп оқушысы мен 126 кәсіпкер бар. Биыл кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғауға ерекше көңіл бөлінетін болады, – дейді ауданның прокуроры Тұрар Жүсіпов.

Аудандық прокуратураның қадағалау актілері бойынша атқарушылық іс жүргізу саласында алимент және мемлекет кірісі бойынша 5 борышкер әкімшілік жауапкершілікке, 1 борышкер қылмыстық жауапкершілікке тартылып, 6,5 миллион теңге алимент өндірілді, мемлекет кірісіне 1,9 млн теңге өтелді.

Руслан Әлкеев


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31

Просмотров: 7