Сарыкөл ауданында «Төрлет, Наурыз, Төрлет!» жаппай халықпен тойлау мерекесі бірер минуттан кейін басталмақ

Орталық алаң кәдімгі бір шағын қазақ ауылы сияқты безендірілген.

Киіз үйлер қаз-қатар тізілген. Олардың іші ұлттық қол өнер бұйымдары мен тағамдарға толы. Далада буы бұрқыраған тамақтар пісіріліп, самауырындар сақылдап қайнап жатыр. Сарыкөлдегі бұл тойды көргенде арманда, көрмегенде арманда.

Жалпы, бүгінгі мейрамның шымылдығы Ұлтымыздың наурыз меркесімен біте қайнасқан салт-дәстүр, әдеп ғұрпын «Наурыз керуен» атты шеру түрілмек.

Айталық, Сарыкөл жерінен шыққан батырлар, билер, қазақтың қуанышты сәтінде жасалынатын жоралғы Шашу, Атарба үстінде тағамдар көрсету, Тұсау кесер, Ұлттық спорт түрлерін көрсету, Ұлттық нақышта киінген әншілер, Ұлттық би, Аластау, Наурыз көже, Қыдыр ата сияқты керуендер сап түземек.

Бұл бұған дейін болмаған қойылым екенін айта кеткен жөн.

-Ұлыстың ұлы күні біздің төл мерекеміз. Осынау күнді қарсы алу үшін орталық алаңға таңентең ерте келіп алдым.

 

Күлімдеген шуақты көктеммен бірге қазақ даласына жер әлемді жайнатып, әнші құстарды сайратып, Наурыз тойын тойлатып Жаңа Жыл келді. Ұлыс оң болсын! Ақ мол болсын! Ұлы мереке сіздерге тек жақсылық әкелсін! – деп өз лебізін білдірді аудан тұрғыны Абай Жүсіпов.

Руслан ӘЛКЕЕВ


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31

Просмотров: 3