Сарыкөл ауданында сотталғандар арасында жарыс өтті

Олар спорттық жаттығу жасаудан сынға түсті

Бұл іс-шараны «Жанашыр бол» қоғамдық қоры аудандық пробация қызметімен бірге «Сарыкөл ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік әлеуметтік тапсырысына сәйкес өткізді.

Мақсат – қоғамдық оқшалау орталығынан шыққан сотталғандардың қоғамға бейімделуін және өмірге деген көзқарасын өзгерту. Аталған жарыстың бұрынғы жарыстан ерекшілігі, пробация есебінде тұрған тұлғалар арасында салауатты өмір салтын ұстанып, өмірдің дұрыс бағытын таңдауға сотталғандардың арасында спортқа деген қызығушылықты жоғарлату, сотталғандар тарапынан әкімшілік және қылмыстық құқық бұзушылықты болдырмау және алдын алу болды.

Бұл іс-шара барысында пробация қызметінің есебінде тұрған сотталғандар гір көтеру (жатып және тұрып) және турникке тартылу бойынша сынға түсті. Биыл ауданда алғаш рет ұйымдастырылып жатқандықтан аз адам қатысты. Бірақ, олар бар күш-жігерлерін салып тартысты, өнер көрсетті. Олардың ең жасы 19-да болса, ең үлкені 45 жаста. Айталық, Р есімді сотталған азамат 20 келіден 75 келіге дейін штангыны жатып көтере алды. Ал, Б есімді сотталушы 32 келілік гір тасын 5 рет жоғарыға көтерсе, Е есімді сотталушы турникке 30 рет тартылды. Жалпы, бұл жарысқа қатысушылардың бәрі де қатысқандары үшін мадақтама мен сыйлықтарға ие болды.

– Аудандық пробация қызметі «Жанашыр бол» қоғамдық қорымен бірге сотталған жастармен жүйелі жұмыстар жүргізу, психологиялық кеңестер беру, жастардың жасаған қылмыстарын қайталамауына септігін тигізу мақсатында көптеген салауатты өмір салтын қалыптастыру, мәдени, психологиялық және де тағы да басқа шараларды жүйелі түрде ұйымдастырып отырамыз. Пробация есебінде тұрған азаматтарды спорттық шараларға тартып, әлеуметтік көмек көрсетіп, жұмыссыз жастарды жұмысқа орналастырып жатырмыз, – деді Сарыкөл аудандық пробация қызметінің бастығы, әділет майоры Индира Танкебаева.

Пробация қызметінің есебінде тұрған сотталған арасында мұндай спорттық шара биылғы жылы алғаш рет ұйымдастырылып отыр. Мұндай шара сотталғандардың уақытын тиімді пайдалануына септігін тигізеді.

– Мен спортпен айналысқанды ұнатамын. Аталған турнир әділ әрі қызықты өтті. Салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында пробация қызметінің қызметкерлері әртүрлі спорттық, психологиялық және тағы да басқа шараларға қатыстырады. Осындай шаралардан көптеген жақсы дүниелер үйрендім. Өзімнің жасаған қателігім үшін өкінемін. Болашақта, ондай қателікке жол бермеуге тырысамын. Жақсы маман иесі болуды армандаймын, – дейді сотталған Е есімді азамат.

Руслан ӘЛКЕЕВ


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31

Просмотров: 4