Сарыкөл ауданында халықтық штаб мүшелері АЭС салу бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр

 Ауданға жұмыс сапарымен облыстық халықтық штаб мүшесі, «AMANAT» партиясы Қостанай облыстық филиалы партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Айтжан Есенгельдинов келді.

Сапар барысында Айтжан Тайгенұлы алдымен аудандық партия филиалында кәсіпкерлермен кездесу өткізді. Одан кейін ол №1 Урицк мектебінің қызметкерлерімен кездесті. Басқосулар барысында Қазақстанда атом энергетикасын дамытуға байланысты негізгі мәселелер талқыланды. Сондай-ақ ауыл тұрғындарының сұрақтарына жауап берді және әрбір азаматтың алдағы референдумға қатысуының маңыздылығын атап өтті.

-АЭС – Қазақстанның экономикалық және жан-жақты дамуы үшін маңызды қадам. Сондықтан, қаншама жылдан бері айтылып келе жатқан АЭС салу туралы шешім дұрыс деп ойлаймын. АЭС салу мәселесін еліміздегі ғалымдар жан-жақты зерттеп барып, осы шешімге келіп отыр. Болашақта АЭС еліміздің экономикалық жағынан ғана емес, дамуына да үлкен пайда әкеледі деп сенемін, – деді Айтжан Тайгенұлы.

Бұдан кейін жерлесіміз орталық аудандық аурухананың жөндеу барысын қарады. Тексеру барысында тапсырыс берушіге жобаны сараптау, жіберілген кемшіліктер және тиісті авторлық қадағалау мәселелері бойынша ескертулер жасады.

Руслан ӘЛКЕЕВ


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31

Просмотров: 3