-Мен бүгін терапевттің қабылдауында болдым. Барлық мамандардың алдынан өттім. УДЗ-ға бүйрегімді түсірдім. Бұл үлкен мүмкіндік. Облыс орталығына барып мұның бәрінен өту үшін қаншама уақыт кетеді. Жол алыс дегендей. Мамандар да сондай ыждағатты. Сарыкөлдіктердің атынан сіздерге алғысымды білдіремін, – деп ризашылығын білдірді Ирина Кудряшова.
-Қаралуға, ем алуға келгендердің барлығын қабылдап жатырмыз. Тіпті ауыл тұрғындарына қонаққа келген өзге өңірдің азаматтарына да қызмет көрсетеміз. Дәрігерлік құрамда терапевт, хирург, педиатр, невропатолог, ультрадыбыстық диагностика маманы, жалпы тәжірибелік дәрігер, рентгенолог, кардиолог, стоматолог, офтальмолог, отоларинголог, педиатр, онколог-маммолог, гинеколог және уролог мамандары бар. Қажет болған жағдайда мамандар шағын операциялар жүргізіп, жоспарлы емдеуге жолдама береді. Сондай-ақ, медициналық пойыздың дәрігерлері төсекке таңылған, инсульт алған, ота жасатқан науқастардың үйіне барып та қызмет көрсете алады. Ол үшін дәрігерді үйге шақырсаңыз болғаны, барып, тексеріп, ем-дом жазып береді, – деді бас дәрігер.
– Кеше «Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы ауданға келгенін естіп қуанып қалдық. Келгені дұрыс болды. Таң атпай келіп, анализдер тапсырдық. Қазір ЭКГ, басқада аппараттарға түсетін боламын. Елімізге келгеніне қуаныштымыз. Тексерістен өтуге келдік. «Денсаулық – зор байлық» десек, уақытында ем қабылдаған абзал. Мұндай жобалар шалғай ауылда тұратын біз секілді ауылдықтар үшін үлкен жақсылық деп білемін,-деді ауыл тұрғыны.
-Зааятская-17 шілде, Денисов-18 шілде, Жаркөл-19 шілде, Тоғызақ – 20 шілде, Сарыкөл – 22 шілде, Қойбағор-9 тамыз, Ковыльная – 9 тамыз, Приишимская-10 тамыз, Арқалық-12 тамыз, Теріссақан-13 тамыз, – делінген хабарламада.
– «Саламатты Қазақстан» пойызы – 2010 жылдан келе жатқан жоба. Бұл жобаның негізгі мақсаты – алшақ жатқан шалғайдағы адамдарға денсаулық сақтау қызметін қамтамасыз ету. Әсіресе осы су тасқынынан зардап шеккен шалғай жатқан станцияларға бірінші барып, қажетті медициналық көмекпен қамтамасыз етудеміз. Қажетті барлық құрал-жабдықтар мен мамандар бар. Мәселен, 30 маман бар. Оның 15-і – дәрігер, – дейді дәрігерлерді бастап келген бас дәрігер Айнұр Егінбаева.
Специалисты также определяли тип личности граждан, находящихся на пробации (далее…)
В Аулиекольском районе запустили проект, направленный на формирование позитивных ценностей в брачно-семейных отношениях среди молодежи.…
В рамках реализации концепции развития жилищно-коммунальной инфраструктуры до 2026 года в районе началась реализация масштабных…
Тасқын судың қарқыны баяу (далее…)
Ипотека – это один из лучших способов приобретения жилья в Казахстане. Насчет ипотеки можно встретить…
Шолақсай ауылында Науырзым ауданының құрылғанына 60 жыл толу орайына және “Біртұтас тәрбие” бағдарламасы аясында Шолақсай…
This website uses cookies.