Шараның мақсаты – жұртшылықтың ұлттық мәдениет мен салт-дәстүрге қызығушылығын арттыру және жастарды салауатты өмір салтына тәрбиелеу, сондай-ақ қазақ халқының ұлттық сусыны – қымыздың құндылығын насихаттау
Ұлттық сусын мерекесіне аудан әкімі Қайрат Әбішев, аудандық маслихаттың хатшысы Гүлсім Әбенова, ардагерлер кеңесінің төрағасы Тұмырза Қоржумбаев, аудан тұрғындары мен мен БАҚ қызметкерлері қатысты. Осы айтылған шараға Науырзым ауданың 8 ауылдық округінен келген қымыз өңдірушілер келіп өздерінің өнімдерін аудан халқына тегін ұсынды. Үшінші жыл қатарынан өтіп келе жатқан фестивальге жиналған халықтың саны жоғары. Фестивальде алғашқы болып сөз алған аудан басшысы Қайрат Әбішев айтулы мерекемен құттықтады.
– Салт-дәстүрімізді қайта жаңғыртып, жас ұрпаққа үлгі ретінде ұйымдастырылып отырған «Қымызмұрындық» фестивалінің орны орасан зор. Бұл дегеніміз – ерте заманғы тамырымызға қайта оралу. Қымызмұрындық – бие байлап, алғашқы қымыз ішу тойы және ынтымақтың, еңбектің, бірліктің мерекесі. Олай болса бүгінгі «Қымызмұрындық» тойы құтты болсын, – деді аудан басшысы.
Сондай-ақ, айтулы іс-шара аясында спорттық сайыстардан да жарыстар өтті. Атап айтар болсақ қол күрес, арқан тартыс сайысы бойынша бақ сынасты. Арқан тарту бойынша бірінші орынды Жамбыл ЖЖБ орта мектебі, екінші орын «Арай» командасы иеленсе үшінші орынды әкімшілік жүргізушілер командасы иеленді. Қол күрес сайысында жүлделі бірінші орынды Жаконов Елік, екінші орын Өртенбаев Тайып алса, үшінші орынды Утегенов Мейрам қанжығасына байлады. Жеңімпаздарға ақшалай сыйлық табыс етілді. Бұдан бөлек, орталық алаңда киіз үй тігіліп, ақ дастархан жайылып, келген қонақтарға дәм татқызып, шай беріп, сонымен қатар аудандық мәдениет үйінің концерттік бағдарламасын тамашалады.
Қымызмұрындық фестивалінде бас жүлдені Шилі аулынан келген қымызөңдіруші Бижанова Гүлайым иеленді. Бірінші орынды Мереке ауылының қымыз баптаушысы Қозыбақова Айгүл еншілесе, екінші орынды Дәмді ауылынан келген Асылова Күлайым қанжығалады, үшінші орындарды Өлеңді ауылынан Шериев Райымбек пен Раздольный ауылының қызмыз өңдірішісі Шукеева Гүлбану иеленді. Жеңімпаздарға аудан әкімінің сыйлығымен, дипломдарын аудандық маслихат хатшысы Гүлсім Әбенова, ардагерлер кеңесінің төрағасы Тұмырза Қоржумбаев пен ауыл ақсақалы Шөптібай ата табыс етті.
Жібек МЫРЗАҒАЛИ
Фотоны түсірген автор
Ценным подарком в преддверии Дня благодарности стал праздничный концерт в честь сподвижников. (далее…)
Өңірлерде жергілікті тұрғындар сайлаған әкімдердің 60 пайызы бұрын мемлекеттік қызметте жұмыс істемеген. (далее…)
«Заң және тәртіп» жобасы аясында (далее…)
Районные зимние соревнования прошли в рамках I зимней областной спартакиады. (далее…)
Тозығы жеткен мектеп (далее…)
Все услуги, которые оказывал морг, теперь будет осуществлять индивидуальный предприниматель Владимир Крукович. (далее…)
This website uses cookies.