Бүгін Раздольный ауылында Науырзым ауданының 60 жылдығына арналған волейболдан Раздольный ауылы әкімінің алғашқы ашық Кубогі өтті.
Осы жарысқа жалпы 8 командадан өтінім түсіп, 5 команда қатысты. Жангелді ауданының Шилі ауылдық округі, Әулиекөл ауданы, Достық КММ командасы, Дәмді ауылдық округі және Қожа ауылы бірігіп «Бірлік» командасы, Буревестник ауылы, Қарамеңді ауылдық округі мен Өлеңді ауылы және жарыс иелері өз ара бақ сынасты. Аудан әкімінің орынбасары Елдар Жұмағазыұлы жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.
– Өйткені спорт – бос уақытты ұйымдастыру, салауатты өмір салтын насихаттау, өскелең ұрпақтың бойында оң өмірлік ұстанымдарды қалыптастырумен қатар жастарды азаматтық және патриоттық тәрбиелеу болып табылады.
Спорттың әр саласынан аудан спортшылары жылдан жылға өсе берсін, салауатты өмір салтын дамытуға үлес қосып жатқан ұйымдастырушыларға алғыс білдіреміз,- деді
Жарыс қортындысы бойынша 1 орын Жангелді ауданынан келген Шилі ауылы, 2 орынды Раздольный ауылы, 3 орын «Бірлік» командасы алды. Жарыс өте жоғары деңгейде өтті. Жарыстың «Үздік ойыншысы» Қасымов Жасұлан Қарамеңді ауылдық округі, Василий Новиков Буревестник ауылынан келген ойыншылар иеленді.
Ауданымыздың 60 жылдығына көптеген іс-шаралар жоспарланған.
Жібек МЫРЗАҒАЛИ
Фотоны түсірген автор
Утром 3 мая, несмотря на пасмурную погоду, активисты и неравнодушные к природе костанайцы вышли на…
Ученики 7-х и 11-х классов общеобразовательной школы №1 города Тобыл познакомились с героями войны —…
Глебовка ауылында су құбыры жүйесінің құрылысы жүріп жатыр. Жоба аясында ауыл ішіне ұзындығы 9,4 шақырым…
Юрист ОФ «Жанашыр бол» Жасгуль Тогжанова сообщила подучетнным о начале проекта «Организация деятельности по ресоциализации…
Лист, подтверждающий временную нетрудоспособность, с января текущего года был переведён в электронный формат. (далее…)
This website uses cookies.