Рәміздер күнін сарыкөлдіктер де сән-салтанатпен атап өтті

Еліміздің ең басты қасиетті құндылығы, мемлекеттің мызғымас тірегі – Рәміздер

Осынау мемлекеттік мерекені сарыкөлдіктер де өз деңгейінде қарсы алды. Аудан әкімі Амантай Балғарин орталық алаңға жиналғандарды мерекемен құттықтап, қасиетті рәміздер қашанда қастерлі екенін атап өтті.

– Құрметті сарыкөлдіктер, бүгін біз елдігіміздің басты нышаны саналатын мемлекеттік рәміздер күнін атап өтудеміз. Бұл тәуелсіз еліміз үшін атаулы күндердің бірі саналады. Ұлттық рәміздер мемлекеттің мызғымас белгілерінің бірі. Еліміздің әрбір азаматы мемлекеттік рәміздерді құрметтеп, қастерлеуі қажет. Өйткені, бұл тек елдігіміздің белгісі ғана емес, халқымыздың тәуелсіздік туралы арманының орындалу белгісі. Сондықтан, біз үшін айтулы мерекенің маңызы зор, – деді Амантай Кәкімбекұлы.

Өскелең ұрпақтың отансүйгіштік сезімін ояту, ұлттық намысын қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылған мерекелік іс-шара барысында жиналғандар жаппай Әнұранды шырқады.

Одан әрімен аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары әннен шашу шашып, оның арты велешеру мен автошеруге ұласты.

Руслан ӘЛКЕЕВ


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31

Просмотров: 6