Перелесенская қоғамдық білім беру мектебіндегі медиация мектебі

Перелесенская қоғамдық білім беру мектебінде жаңа медиация мектебінің ашылу салтанаты өтті. Мектеп қазірдің өзінде жайлы және қауіпсіз білім беру ортасын қалыптастыру бойынша белсенді жұмыстар жүргізуде. Бұл бастамаға 8 оқушы-ерікті, сондай-ақ медиатор ретінде дайындықтан өткен 4 мұғалім қатысуда.

Медиация мектебі оқушылар арасындағы қақтығыстар мен түсінбеушіліктерді шешуге, сондай-ақ қарым-қатынас және ынтымақтастық дағдыларын қалыптастыруға арналған. Қазіргі таңда мектепте проблемаларды талқылау үшін арнайы орындықтар мен медиацияның принциптері туралы ақпарат көрсетілген стендтер орнатылған.

– Біз оқушылар арасындағы қатынасты нығайтуға бағытталған тақырыптармен жұмыс істеп жатырмыз. Сонымен қатар, түрлі тренингтер өткіземіз. Бастауыш сыныптар үшін тренингтер балаларға арналған форматта, ал жоғары сыныптар үшін ғылыми тілде түсіндіріледі, – дейді медиация мектебінің еріктісі Яна Минних.

Медиация мектебінің аясында әртүрлі жиналыстар өткізіліп, қақтығыстар мен олардың шешілуімен байланысты өзекті тақырыптар талқыланады. Іс-шараларға қатысушылар өз пікірлерімен және тәжірибелерімен бөліседі, бұл ашық және сенімді атмосфераның қалыптасуына ықпал етеді.

– Біз жиналыстарды қажеттілікке қарай өткіземіз, бірақ ай сайын тұрақты түрде өткізуіміз керек. Бақытымызға орай, біз мұндай проблемалармен кездеспедік, бірақ болуы мүмкін әртүрлі жағдайларды шешеміз. Біз балаларға өзіміздің тәжірибемізді жеткізуге тырысамыз, – дейді медиация мектебінің мұғалімі Валерия Дегин.

Медиацияның негізгі міндеттерінің бірі – оқушыларды қақтығыстарды бейбіт жолмен шешу дағдыларына үйрету. Осыған орай, оқушылар мектепте туындауы мүмкін жағдайларды көрсетті және оларды шешудің мүмкін жолдарын ұсынды. Бұл барлық қатысушыларға практикалық тәжірибе алу және медиациялық тәсілдің маңыздылығын жақсы түсіну мүмкіндігін берді.

Перелесенская қоғамдық білім беру мектебіндегі медиация мектебі — оқушылар арасында өзара көмек және түсіністік мәдениетін қалыптастыруға маңызды қадам. Ол коммуникация және ынтымақтастық дағдыларын дамытуға көмектеседі, бұл, сөзсіз, мектептегі жалпы климатқа оң әсер етеді. Алдағы уақытта медиация жұмысының жалғасын қамтамасыз ету жоспарлануда, осылайша оқу процесінде үйлесімді қатынастарды қамтамасыз етіп, оқушылардың тұлғалық дамуын қолдау көрсетілмек.

«Медиациялық мектептердің қызметін ұйымдастыру» жобасы аясында Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы бойынша «Жанашыр бол» қоғамдық қоры арқылы жүзеге асырылуда.

Аяжан СЕРІК, суретті түсріген ИП СМАИЛОВ

Редактор

Поделиться
Опубликовал
Редактор

Недавние новости

Қостанайда мемлекеттік рәміздер жобасы бойынша тыңдаулар өтті

Қостанай қаласында «Жанашыр бол» қоғамдық қоры ішкі саясат бөлімінің тапсырысы бойынша жүзеге асырып жатқан «ҚР…

15 часов назад

Қостанай ауданында санитарлық тазарту айлығы жалғасуда

Қостанай ауданында көгалдандыру және абаттандыру жұмыстары аясында санитарлық тазарту айлығы жалғасуда. (далее…)

15 часов назад

«AMANAT» партиясының мобильді қоғамдық қабылдауы Сарыкөл және Тәгіл ауылдарында өтті

Қостанай облысында «AMANAT» партиясының облыстық филиалы ұйымдастырған мобильді қоғамдық қабылдау Сарыкөл ауданының орталығында және Тәгіл…

17 часов назад

Руководитель отдела образования Костанайского района Алия Турткараева покинула пост

Пока мы выясняли, почему чиновница за бюджетные деньги собирается на обучение в Париж, нам стало…

20 часов назад

This website uses cookies.