Қостанайда «Рәміздер елдігімнің белгісі» атты пікірсайыс турнирі өтті

Қарашаның 18 күні Қостанай өңірлік университетінде «Жанашыр бол» қоғамдық қорының қолдауымен және «Ахмет Ұрпақтары» ДК ұйымдастыруымен А. Имановтың туғанына 150 жыл толуына орай турнир өтті

«Рәміздер елдігімнің белгісі» атты пікірсайысқа қатысушылар Британдық парламенттік пікірсайыс форматында (BPF) және лингвистикалық/пікірталас форматында (L/D) бақ сынасты. Бұл іс-шара көптеген студенттер мен мамандардың назарын аударып, идеялармен алмасу үшін жемісті алаң құрды. Турнирде 24 фракция бақ сынасты. Көкшетау, Астана, Павлодар, Арқалық, Рудный және Қостанай қаласының мектеп оқушылары, студенттер мен жұмыс істейтін жастар қатысты. Турнирдің негізгі элементтерінің бірі-(BPF) форматы, ол қатысушыларға Парламенттегі талқылауға еліктей отырып, өзекті мәселелер бойынша сөз сөйлеуге мүмкіндік береді. Бұл формат аргументтерді, логиканы және қарсы дәлелдерге тез жауап беру қабілетін ынталандырады. Турнирге қатысушылар саясаттан бастап әлеуметтік мәселелерге дейінгі әртүрлі тақырыптарды зерттей отырып, пікірталасқа дайындалуға көп күш жұмсады.

– Жалпы ойын қызу өтті. Мектеп лигасы болсын, студенттік лига болсын, жұмыс істейтін қатысушылар болсын барлығының ойындары өте қызық болды. Бізде іріктеу үш ойын өткізілді. Іріктеу ойындарында мектеп лигалары бірінші орындар алған кездер болды. Яғни, бізде тенденция өте жақсы жұмыс істеді. Олар өздері жақсы қарым қатынаста болды. Маған төреші ретінде мектеп оқушыларының деңгейі өте маңызды болды. Себебі, болашақта дебат ойнайтын осы оқушылар, олар студенттерден қалыспай үлкен румдарда қарсылас болды. Енді келесі (L/D) финалын айтатын болсақ екінші курс пен төртінші курс студенттері бақ сынасты. Көбінесе осындай турнирлерде орындарды аламниктер, яғни жұмыс істейтін жастар алады. Бірақ осы турнирде барлығы жақсы деңгейде ойнап шықты, – дейді Зуһра Балахмет, турнирдың бас төрешісі.

Турнирде «Бұл палата мектептерде бағаны объективті нәтиже бойынша емес, жеке үлгерім бойынша бағалайды», «Бұл палата мұғалімдердің жалақысын оқушылардың мұғалімдермен кері байланыс негізінде анықтайтын болады», «Бұл палата мектептердегі балаларды барлық беделге күмәндануға үйретеді», «Бұл палата патриоттық сезімдерді мектептерде насихаттауға болмайды деп санайды», «Бұл палата инклюзивті білім беруді қолдайды», «Бұл палата Қазақстан Республикасында құмар ойындардың барлық түрлеріне (лотереялар, букмекерлік кеңселер, казинолар) тыйым салады», «Бұл палата кино қазақстандық жас жеткіншектерді отансүйгіштікке тәрбиелеудің ең жақсы тәсілі деп санайды», «Бұл палата үлкендерді (нарратив) жоғарылататын түсінік болғанына өкінеді (мысалы, «үлкендердің айтқаны әрқашан дұрыс», «үлкендерге жол беруі керек») деген қарарлар бойынша ойындар өтті. Тіпті, қазіргі кездегі еліміздегі актуалды проблемаларды қозғап, жастар тарапының ойларын естідік.

Қатысушылардың назарын аударған екінші формат (L/D). Бұл формат тілдік дағдыларды, логикалық ойлауды және пікірталас жүргізу қабілетін дамытуға бағытталған.

Қатысушылар дәлелдерді ұсынды және талдады, көбінесе этика мен қоғамдық жауапкершілікке назар аударды. Турнирде көтерілген өзекті тақырыптар көптеген салаларды қамтыды. Ұстаздың орны мен олардың қоғамға әсерін талқылаудан бастап, жаһандық қауіпсіздік пен адам құқықтары мәселелеріне дейін пікір- талас қатысушылар мен көрермендерді ойлауға итермеледі. Бұл қатысушылардың білімінің тереңдігін көрсетуге ғана емес, сонымен қатар олардың проблемаларды әртүрлі көзқарастардан көру қабілетін көрсетуге мүмкіндік берді.

– Маған турнир өте қатты ұнады. Л/Д ойыныңда финалға шықтым, ол жерде менің қарсыласым «Парасат» дебат клубының экс президентімен ойнадым. Ойын басталмай тұрып жеңсем де, жеңілсем де орта буын ретінде мен үшін үлкен жетістік екендігін білдім. Әрине, күткенімдей Қарагөз Макатова жеңіске жетті. Мен үшін жақсы тәжірибе. Ал іріктеу ойындарды айтатын болсам, қарарлардың әртүрлі болғандығы ұнады. Түрлі тақырыпта болған соң, алаңда қыза түсті, – дейді Көкшетау қаласынан келген ойыншы Адина Мейрам.

Турнирді ұйымдастырушылар сонымен қатар проблемаларды шешуге шығармашылықпен қарауды ынталандырды, бұл ұсынылған тақырыптарға стандартты емес идеялар мен инновациялық тәсілдердің пайда болуына ықпал етті. Іс-шараның маңызды бөлігі форматтан тыс пікірталастар болды, онда қатысушылар өз пікірлерін білдіре алады және аз ресми жағдайда тәжірибе алмасады.

Турнир нәтижесі бойынша 1-орын «Дебаттан шығатын жол қайда» Аягоз Макатова, Чингиз Жумагали, 2-орын «Жеңсек үйленеміз» Жансерік Қалиола, Қарақөз Макатова, 3-орын «Дәулеттің дочалары» Сағыныш Егенберліқызы, Адина Мейрам, финалист «Фракция» Бақсұлтан Жақсыбек, Оғабек Шамидтинов. Жастар финалы нәтижесі: 1-орын «Ділмар» фракциясы Айгерим Алпамысова, Айкүміс Сабитбекова, 2-орын «Закрой глаза, иди ко мне» Мәдина Сапар, Айгерим Исраилова, 3-орын «Extreme A» Гүлдерай Қаби, Дамира Фазылжан, Финалист «Я откуда знаю» Нарқыз Еркінқызы, Талғат Құралбай. «Үздік спикер» номинцациясының жеңімпазы Қаракөз Макатова атанса, қатысушылар дауысы бойынша «Үздік төреші» номинациясын Жансерік Мирамбекұлы иеленді.

– Дебат турнирінде қазіргі таңдағы заңнамалақы бойынша өте өзекті тақырыптар талқыланды. Мысалы, ата-ана болу үшін лицензия қажет пе? Тақырып ойнатылды. Ол өте актуалды, себебі, бізде зорлық-зомбылықтарды тоқтатудың алтернативті ұсынытары жоқ. Сол үшін мемлекет тарапынан бір бағдарламалар ұйымдастыру, соны шешу бойынша механизм ұсындық. Одан басқа бізде жаңа бағыттар бар. Мысалы, көптеген қозғалыстар, феминистік қозғалыстар, қазір феминист болу трендке айналған ба, оның сәнге айналуы жастарға қаншалықты әсер етіп жатыр. Осы туралы да ойын өтті. Одан басқа мұғалімдердің статусы бойынша талқылау болды. Қорыта айтқанда, турнирде тақырып сан алуан, әр ойыншының көзқарасын тыңдаудың өзі жақсы. Ойыншыларға келетін болсақ, деңгейі әр түрлі ойыншылар болды. Бірінші іріктеу ойыныңда оқушалар, студенттерде қатысты, – дейді 1-орын иегері «Дебаттан шығатын жол» фракциясының ойыншысы, Аягоз Макатова.

Пікірсайыс турнирі академиялық дағдыларды көрсету алаңына айналып қана қоймай, күрделі және маңызды мәселелерді талқылауға қызығушылық танытатын адамдар қауымдастығының қалыптасуына ықпал етті. Қатысушылар турнирді жаңа біліммен, тәжірибемен және құнды байланыстармен қалдырды, өз дағдыларын өмірінің әртүрлі салаларында қолдануға дайын болды. Барлық жүлдегерлер «Жаңашыр бол» қорының грамоталарымен және жүлделерімен марапатталады. Турнир Қостанай қаласы ішкі саясат бөлімінің тапсырысы бойынша өтті.

Аяжан СЕРІК,
суретті түсірген
Нуржан СМАЙЛОВ

Редактор

Поделиться
Опубликовал
Редактор

Недавние новости

Журналиста Максима Сушко признали невиновным по делу о клевете в адрес акима п. Октябрьский

Дело прекращено за отсутствием состава правонарушения, сообщает "ТоболИнфо" (далее…)

2 дня назад

Наурзумцы получили долгожданный автомобиль скорой помощи

Новым санитарным автотранспортом с 2019 года оснащены уже 5 медицинских участков района. (далее…)

2 дня назад

Класс памяти о погибшем герое, который спас ребенка, открыли в Аулиекольском районе

Этот кабинет станет символом памяти и уважения к героическому поступку выпускника школы Салимбека Альденова, который…

2 дня назад

По какой причине перенесли зажжение главной елки в Костанае?

Изначально оно должно было пройти 21 декабря, затем его перенесли на 20 декабря, а вчера…

2 дня назад

Қамыстылықтар жаңа жыл мерекесіне қызу дайындық үстінде

Жаңа жыл қарсаңында жұрт туыстары мен достарына ерекше сыйлықтар жасауға тырысады. (далее…)

2 дня назад

This website uses cookies.