Қостанайда ҚР Мәдениет қайраткері Әбдібек Божақовтың 70 жылдық мерейтойына арналған «Жүрек әуені» атты шығармашылық кеш аншлагпен өтті

Концертке қазақ эстрада жұлдыздары мен облысқа танымал әртістер қатысып, жергілікті композиторлардың әндерін шырқады

Залда ине шаншар орын жоқ. Көрерменнің көбі – мәдениет саласының майталманы Әбдібек Божақовпен қызметтес болғандар.

Бұл салада 36 жыл қызмет еткен өнер иесі Алматы, Қостанай қалаларынан бөлек, Алтынсарин, Қарасу, Сарыкөл аудандарында да жемісті еңбек етіп, өңіріміздің өнерінің дамуына зор үлес қосты.

– Ойдан естен кетпейтін асқар тауым мен асыл анамды ұмытпай еске алып жүремін. Әлдилеп аялап өсірген әке-шеше Баяхмет пен Балқия бүгінде өмірде өтті. Алланың шапағатына бөленсін. Менің екі апам, қарындасым, бауырларым бар. Ресейден келген соң 1972 жылы Қостанайдағы мәдениет ағарту училищесіне оқуға түсіп, оны бітірген соң Қарасу ауданына жолдамама жұмысқа келдім. Содан бері мәдениет саласында табан аудармастан отыз жылдан астам еңбек еттім. Оның отыз жылы мемелекеттік қызметте өтті. Көбіне Қостанай қаласында, облыстық мәдениет басқармасында түрлі салада абыройлы еңбек еттім. Бірге істеген ұжымдас әріптестерімді әлі күнге дейін тебірене еске аламын, – деп өткен күндерді еске алады ҚР мәдениет қайраткері Әбдібек Божаков.

Қостанай қаласында Божақовтар жанұясының шығармашылық жолы басталды. Сондықтан болар, концерттің шымылдығы да белгілі композитор Қалибек Деріпсалдиннің «Қостанай» әнімен түрілді. Оны Әбдібек Баяхметұлы мен қызы Зарина Божақова бірге орындады. Әке жолын жалғаған ару, қазір «Астана» эстарадалық-симфониялық оркестрінің белді әртісі. Өнер жолын таңдаған.

Зарина Әбдібекқызы ерте танылды. 2006 жылы алғаш «Карнавалмен» өнер ұжымымен көк туды Венгрияда желбіретіп, дауысымен талайды таңғалдырған. Бүгінге дейін би ансамлі де, Зарина да биікті бағындырып келеді. Халықаралық байқаулардың лауреаты. Мерейтой кешіне «Карнавал» би ұжымының кербез қыздары биден шашу шашып, жерлестеріне қолдау білдірді.

Ал, елордадан келген қазақ эстрадасының жұлдыздары Әлібек Әлмәдиев, Татьяна Ким, Мәди Сыздықовтың әндері көреремендердің көңілін жаулап алды.

Бүгінде Әбдібек Божақовтың мәдениет саласына сіңірген еңбегін қостанайлықтар жақсы біледі, бағалайды. Бүгінгі кешке жиналған көрермендердің көп болу да соның айғағы. Қостанай қаласы әкімінің орынбасары Мәжит Шүленов еңбек адамына деген ілтипатпен құрмет грамотасын табыстап, дәстүрлі түрде иығына шапан жапты.

«Әбдібек Баяхметұлы облыстағы мәдениет басқармасын, қаладағы мәдениет бөлімін басқарғанда мен әлі жас маман едім. Осы саланың дамуына қосқан үлесіңіз жадымызда. Осы ретте, облыс әкімі мен қала әкімінің атынан Құрмет грамотасын табыстамақпын», – деді Қостанай қаласының әкімінің орынбасары Мәжит Шүленов.

Мерейтой иесіне тосынсый дайындаған досы Александр Мельников, құттықтауын әнмен жеткізсе, ақын Ақылбек Шаяхметов жүрекжарды тілегін арнады.

Светлана Құлжанова мәдениет кәсіподақтарының облыстық комитеті атынан құттықтап, Әбдібек Баяхметұлына зор денсаулық тіледі.

Шұға ҚОҢҚАБАЙ, суреттi түсiрген Лариса БОЖКО

Редактор

Поделиться
Опубликовал
Редактор

Недавние новости

Жюри высоко оценило выступление камыстинских артистов на XXXVII областном конкурсе-фестивале «Өнеріміз саған, Казақстан!»

Ежегодный конкурс-фестиваль самодеятельного народного творчества «Өнеріміз саған, Казақстан!» прошел в селе Камысты (далее…)

7 часов назад

В Костанае завершился долгожданный ремонт водно-спасательной станции

Капитальные работы здесь не проводились более 20 лет (далее…)

3 дня назад

This website uses cookies.