Қостанай қаласында «Жанашыр бол» қоғамдық қоры ішкі саясат бөлімінің тапсырысы бойынша жүзеге асырып жатқан «ҚР мемлекеттік рәміздерінің имиджін ілгерілету» жобасы аясында тыңдаулар өтті.
Қордың өкілі Жазгүл Тогжанованың айтуынша, жобаның мақсаты – қостанайлықтар, әсіресе жастар арасында отансүйгіштікке тәрбиелеу, мемлекеттік рәміздер туралы білімге негізделген қоғамдық маңызы бар құндылықтарды қалыптастыру.
– Жоба аясында ҚР Мемлекеттік рәміздері күні, Қала күні, Конституция күні, Тәуелсіздік күні сияқты маңызды даталарға орай мемлекеттік рәміздерді насихаттайтын флешмобтар мен акциялар ұйымдастырылады, – деді Жазгүл Тогжанова. – Сондай-ақ қаламыздың жұмыс істейтін жастары арасында зияткерлік ойындар мен Instagram желісіндегі «Наш Костанай» газетінің парақшасында онлайн байқаулар өткізу жоспарланып отыр.
Жобаның негізгі мақсаты – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерінің имиджін көтеру және жастардың бойында патриоттық сезімді қалыптастыру. Осы мақсатта флешмобтар, сайыстар, дөңгелек үстелдер, ашық дәрістер, онлайн байқаулар мен викториналар өткізу көзделген.
Мемлекеттік рәміздерді білу – әрбір азаматтың парызы. Өз елінің Туын, Елтаңбасын, Әнұранын құрметтеу – нағыз азаматтықтың белгісі. Сондықтан мұндай іс-шаралар жастардың бойында елге деген сүйіспеншілікті арттырып, патриоттық рухты күшейтеді.
Аяжан СЕРІК,
суретті түсірген Нуржан СМАИЛОВ
Жангелдин ауданы — бұқаралық спортты жүйелі түрде дамытып, салауатты өмір салтын дәріптеуде алдыңғы қатарда келе…
Жуырда ҚР Қарулы күштерінің қатарына шақырту алған Денисов ауданының жас жігіттері әскерге аттанды. Олар Отан…
Уже сегодня около областного акимата установили сцену. Аппаратуру привезли из города Астана. Организаторы обещают, что…
Об этом было заявлено на очередном совещании в областном акимате (далее…)
Тарихи тұлғалар мекені (далее…)
«Жайылма» театры алғашқы қойылымымен көрерменді тәнті етті (далее…)
This website uses cookies.