Облыс әкімі тұрғындардың сұрақтарына жауап беріп, олардың ұсыныстары мен пікірлерін тыңдады.
Науырзым ауданының тұрғындарымен өткен кездесуде Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов ауыл шаруашылығының өзекті мәселелерін талқылап, оның ішінде мал шаруашылығын дамытудың маңыздылығына тоқталды. Ол мал басының аздығын атап өтіп, ауыл шаруашылығын тек астық өсірумен ғана шектемей, мал шаруашылығын өркендетуге күш салу қажеттігін айтты.
-Кең жеріміз бос жатыр. Оны қолға алып, мал шаруашылығын дамытуға жұмыскерлерді тарту қажет. Тек егіншілік шаруашылығына емес, ең бастысы – мал басын көбейтуге көңіл бөлу керек,- деді әкім.
Жергілікті тұрғындардың бірі әкімнің сөзіне үн қосып, мал шаруашылығын дамытуға өндірістік инфрақұрылымның жетіспеушілігі кедергі келтіріп отырғанын жеткізді.
-Мал басын көбейту үшін оның өнімдерін өңдейтін цехтар ашу қажет. Малдың терісін, жүнін өңдейтін өндірістер қажет. Ауданымызда егін өсіріледі, бірақ диірмен жоқ. Нан өнімін өзімізде дайындауға мүмкіндік болмағандықтан, Әулиекөл ауданынан тасымалдауға мәжбүрміз. Бір ғана дүкен нан пісіреді, ал нан әкелмеген жағдайда, нансыз қаламыз. Егер осындай өндірістер ашылса, жұмыс орындары пайда болар еді, халықтың көшуі азаяр еді,-деді ол.
Жергілікті өндірістерді дамыту бойынша әкімнің пікірі нақты болды.
-Диірмен және өнім өңдеу цехтарын ашу үшін жоғары билік өкілдеріне ұсыныс тастау қажет. Инвесторларды тартып, арнайы жобаларды дайындау маңызды. Жергілікті тұрғындар арасында осындай игі іспен айналысқысы келетіндер болса, біз барынша көмек көрсетеміз. 2,5 пайызбен жеңілдетілген несие беруге дайынбыз,- деп атап өтті ол.
Сонымен қатар, тұрғын ауылдағы газ мәселесін де көтерді.
-Климат өзгергендіктен, күз ерте түседі. Биыл жеке үйлерде тамыздың ортасынан бастап от жағуға тура келді. Бар болғаны екі ай ғана жылы болды, қалған 10 ай бойы күнделікті от жағамыз. Осы орайда, біздің ауылымызға газ тарту жоспарда бар ма?- деп сұрады ол.
Құмар Ақсақалов бұл сұраққа жауап беріп, газ жеткізу мәселесінде қиындықтар бар екенін айтты.
-2019 жылдан бастап ешкімге жалпы газ тартуға рұқсат берілмейді, себебі газ жетіспеушілігі байқалуда. Көбінесе, газ Ақтөбе қаласынан жеткізіледі. Бұл жұмыс аяқталған соң, барлық аудандарға газ тартылатын болады. Қазіргі уақытта облысымыздағы 492 ауылдың тек 15 пайызы ғана газбен қамтылған, -деді әкім.
Кездесу барысында Өлеңді ауылының тұрғыны ауыз су мәселесін көтерді.
-Су мәселесі бойынша тиісті өтінім берілді, жақын арада ауыз су қамтамасыз етіледі,-деп жауап берді, Науырзым ауданының әкімі Мәди Ихтиляпов.
Дильназ Изделюева
Суреттерді түсірген Жібек Мырзағали
Уже неделю продолжаются поисковые мероприятия по установлению местонахождения без вести пропавшего жителя Костанайского района, Сергея …
Если в 2023 году ее получали 3964 семьи, то в результате всех предпринятых мер сейчас…
Экспорт приостановлен в третьи страны на полгода, сообщает "Наш Костанай". Эта мера не распространяется на…
Специфическая форма фишинга, при которой мошенники используют QR-коды для обмана граждан и кражи их конфиденциальных…
Жители сел Аулиеколь и Аманкарагай обратились в редакцию с просьбой осветить проблему частых отключений электроэнергии.…
Такие цифры на заседании акимата области привел глава региона Кумар Аксакалов. (далее…)
This website uses cookies.