Қостанай облысында ұлттық домбыра күніне арналған мереке

 Көрермен аз күйші көп

Ұлт ұстазы А. Байтұрсынұлының ескерткішінін қасында жастардан құрылған домбырашылар күй тартты. Ұлттық өнерді дәріптеген домбырашылар күмбірлетіп күй орындады. Бір мезетте домбыра шанағынан жеті күй төгілді. Тек көрермендер қатары тым аз болды. Қазақ халқының ұлттық өнерін облыс орталығынан бастаған жөн. Себебі, ұлттық құндылық болашақ жастарға үлгілі өнеге.

“Мен зейнет жасындамын. Облыс оралығында қандай мерекелік шара өтсе де кемпірімді ертіп келіп, жастардың өнерін тамашалаймын. Ұлтымыздың ұлы мұрасын насихаттайтын киелі өнердің тамашалауға келген көрермендер саны өте аз. Көңілім толмай тұр. Киелі өнердің дәріптеуіміз керек. Бұл болашақ жастарымыз үшін маңызы зор” —дейді зейнеткер Фазылхан Мауданов.

Расында, құндылығы мол өнерді бағаламасақ, болашақтың санасына сіңірмесек, кімге керегі бар. Ойланайық, ағайын.

Байбатыр АХМЕТБЕКОВ


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31

Просмотров: 0