Қостанай облысы бойынша аумақтық жасағы Арқалық қаласына көктемгі су тасқынының алдын алу шаралары басталды

 Арқалық қаласы су басу қаупі бар өңірлерге жатады, сондықтан Қорғаныс министрлігінің арнайы жасағы өңірде белсенді жұмыстар жүргізуде.

Қостанай қаласындағы №99260 әскери бөлімінен келген 50 әскери қызметші апатты жағдайдың алдын алу үшін жергілікті атқарушы органдармен бірге жұмыстар атқаруда.

Әскери қызметшілерге арнайы жатақхана орналастырылып, үш мезгіл тамақпен қамтамасыз етілген. Олар таңертеңгі сағат 8:00-ден кешкі 20:00-ге дейін су басу қаупі бар кенттерде қар тазалау жұмыстарын жүргізуде.

«Әскери қызметшілердің қатаң тәртіппен жұмыс істеуі және жергілікті халықтың қонақжайлылығы бізді қуантты», – дейді әскери жасақтың тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі офицері, подполковник Мадияр Өтегенов.

Северный кентінің тұрғыны Айтқазы Көбелдес бұл көмектің маңыздылығын атап өтіп, әскерилердің қар басқан үйлердің аулаларын тазалап, көшелерді және үйдің іргелерін қардан аршып жатқанын айтты. «Қостанайдан келген әскерилердің көмегі болмаса, жағдайымыз қиын болар еді. Олардың ерен еңбегіне үлкен алғысымызды білдіреміз», – деді зейнеткер.

Әскери қызметшілердің жұмысын тұрғындар жоғары бағалап, олардың қар тазалау жұмыстарын сапалы әрі уақытылы орындағанын ерекше атап өтуде.

Шұға ҚОҢҚАБАЙ
Суреттерді түсірген – Мұрат ЖҮНІСҰЛЫ


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31

Просмотров: 16