Қостанай ауданында көгалдандыру және абаттандыру жұмыстары аясында санитарлық тазарту айлығы жалғасуда.
Аудан әкімі Олжас Нұрғалиевтің айтуынша, 5000-нан астам ағаш отырғызу жоспарланған.
– Бүгіннің өзінде 500-ден астам көшет отырғызуды жоспарлап отырмыз. Олардың қатарында пирамида тәрізді терек, канадалық үйеңкі, жабайы алма ағашы бар. Биыл көктем 10 күнге ерте келді, сондықтан уақыт тығыз. Дегенмен, бәрін үлгеруге тырысамыз. Негізгі жұмыстар Тобыл қаласынан шығаберісте – Механизаторлар көшесінде, Корей көпірі мен Сарыкөл тасжолы бағытындағы кіреберістерде жүргізіледі, – деді ол.
Ағаштарды суару жұмыстарын «Ландшафт-Строй» компаниясы жүргізеді.
– Алғашқы уақытта ағаштар аптасына бір-екі рет суарылады. Көшеттердің қурап қалмауын қадағалаймыз, – деді бригадир Тимур.
Сонымен қатар, әр бейсенбі сайын мекемелер ұжымдары тазалық жұмыстарына шығады.
– Бүгін біз ұжыммен бірге Попович көшесіне шығып, акцияны қолдадық. Тазалық – бұл жай ғана тәртіп емес, бұл туған қаламыздың көркеюіне қосқан үлес. Барша тұрғындарды бейжай қалмай, осындай шараларға атсалысуға шақырамыз, – деді Қостанай ауданы Жастар ресурстық орталығының жетекшісі Дабир Табулов.
Мұндай бастамалар тек қоршаған ортаны абаттандырып қана қоймай, тұрғындардың табиғатқа деген жауапкершілігін арттырады. Азаматтардың белсенділігі артқан сайын ауданымыз да көркейе түседі.
Материал Қостанай ауданы ішкі саясат бөлімі тапсырысы бойынша «Жанашыр бол» қоғамдық қоры жүзеге асырып жатқан «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бағдарламасын Қостанай ауданында ұйымдастыру және идеологиялық сүйемелдеу жобасы аясында дайындалды.
Аяжан СЕРІК,
суреттерді түсірген автор
В районном Доме культуры прошла игра «Жайдарман» на кубок акима Аулиекольского района, в котором шпаги…
Фото в редакцию «ТоболИнфо» прислали подписчики (далее…)
Об этом сообщает руководитель департамента санитарно-эпидемиологического контроля Ермуханбет Даулетбаев. Пишет "Наш Костанай" (далее…)
Алтынсарин ауылдық кітапханасы – бүгінде ауыл халқының мәдени әрі рухани орталығына айналып отыр. (далее…)
Средний ремонт дорожного полотна в районном центре начнется в этом году. (далее…)
Тазалық табалдырықтан (далее…)
This website uses cookies.