14 тамыз – ҚР мемлекеттік кірістер органдарының құрылған күні

Қоғамдағы әлеуметтік тұрақтылық, халықтың құқықтық білімін арттыру, бюджетке түсетін салық түсімдерін бақылау – мұның бәрі мемлекеттік кірістер органдарының басты міндеттері.

Сарыкөл ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының қызметкерлері де бұл мақсатты орындауға өздерінің үлестерін қосуда. Мәселен, ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығында мемлекеттік бюджеттің жоспары 121 пайызға орындалып, қазынаға 1 208 миллион теңге түскен. Соның ішінде республикалық бюджет 278 миллион теңгені құрап отыр.

-Мемлекеттік кірістер органдары экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін маңызды сала. Осы орайда біздің басқарма қызмет көрсету сапасын жақсартуға аса мән беріп отыр. Біз электронды форматта қызмет көрсетеміз. Біз де e-SalyqAzamat, e-SalyqBusiness және SalyqBot сияқты мобильді қосымшалары бар.


Басты мақстамыз – экономикалық қауіпсіздік пен салық түсімдерінің тиімді түсуін қамтамасыз ету және көлеңкелі экономикаға қарсы тұру. Бұл жұмыстар алдағы уақытта да жалғасады .
Айта кетерлік жәйт, республикалық бюджеттің аз болуының негізгі себептері егін шығымының азаюы мен астық өнімдерінің болмауы.
Барлық әріптестерімді кәсіби мерекесімен құттықтаймын, – дейді Сарыкөл ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы Тахир Губайдулин.

Бүгінде аудандық басқармада 7 адам жұмыс істейді. Басқарма басшысы, бөлім басшысы және 5 бас маман. Олардың бәрі де міндеттерін адал орындап, халыққа қызмет етіп жатқан білікті мамандар.
Басқарма басшысы Тахир Сабыржанұлының осы салада тер төгіп келе жатқанына биыл – 15 жыл. Мерейлі дата. Ал, аудандық басқармада басшылық қызметте төртінші жыл. Міне, осындай жас та болса тәжірибелі, білікті басшы барда әлі талай жұмыстар жандана түспек.
Сондай-ақ, салық төлеушілермен жұмыс бойынша бөлімнің басшысы Ерден Түктібаевтің де басқармада еңбек етіп жүргеніне 10 жылдан асады.

-Мен осы салада 10 жылдан бері жұмыс істеп келемін. Осы жылдардың ішінде саланың дамып келе жатқанын көріп отырмыз. Мен келген жылы қайта жасақталды. Қызмет барысы барынша оңтайланды. Қазіргі уақытта біздің салада көптеген жаңашылдықтар орын алып жатыр. Оның ең бастысы – эектронды форматта жұмыс істеу. Көптеген іс қағаздардың барлығы осы электронды түрде жүргізіледі. Саланы дамытуға көп көңіл бөлінуде, – деп өз ойымен бөлісті бөлім басшысы Ерден Баймұратұлы.

Жалпы, кіріс органдарының басым міндеті әрқашан салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің толық және уақтылы түсуін қамтамасыз ету. Сарыкөл ауданында салық органы құрылған сәттен бастап салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуі бойынша болжамды көрсеткіштер асыра орындалып келеді.

Олай болса, осы салада еңбек сіңіріп жүрген барша қызметкерлерді төл мерекелерімен құттықтаймыз!

Руслан ӘЛКЕЕВ

Редактор

Поделиться
Опубликовал
Редактор

Недавние новости

Журналиста Максима Сушко признали невиновным по делу о клевете в адрес акима п. Октябрьский

Дело прекращено за отсутствием состава правонарушения, сообщает "ТоболИнфо" (далее…)

2 дня назад

Наурзумцы получили долгожданный автомобиль скорой помощи

Новым санитарным автотранспортом с 2019 года оснащены уже 5 медицинских участков района. (далее…)

2 дня назад

Класс памяти о погибшем герое, который спас ребенка, открыли в Аулиекольском районе

Этот кабинет станет символом памяти и уважения к героическому поступку выпускника школы Салимбека Альденова, который…

2 дня назад

По какой причине перенесли зажжение главной елки в Костанае?

Изначально оно должно было пройти 21 декабря, затем его перенесли на 20 декабря, а вчера…

2 дня назад

Қамыстылықтар жаңа жыл мерекесіне қызу дайындық үстінде

Жаңа жыл қарсаңында жұрт туыстары мен достарына ерекше сыйлықтар жасауға тырысады. (далее…)

2 дня назад

This website uses cookies.