Орқаштағы жалғыз мейірбике қалай жұмыс істеп жатыр?

Жұмыс уақытында да, жұмыстан тыс уақытта да тұрғындардан шақырту түссе, ауылдағы жалғыз мейірбике Мейрамкүл Бермұхамбетова аяғы жеткен жерге жаяу, алыстау жерге жедел жәрдем көлігімен барады.

Қым-қуыт тіршілікте басы ауырып, балтыры сыздамайтын жан жоқ. Әрине, сырқаттанған адамның медицина қызметіне жүгінетіні белгілі. Әсіресе, аурудың кешке қарай мазалайтыны белгілі ғой, ымырт түскеннен кейін «Мейрамкүл келе гөр» деген үлкен-кішіге, үйдегі тірлігін тастай жөнеліп, дәрі-дәрмек салынған қобдишасымен жаяу жүгіретін оның бұл әрекеті нағыз мамандығына деген жауапкершілігі деп білеміз.

-1986 жылы Арқалық медучилищесін бітіріп, жолдамамен Орқаш ауылына жұмыс істеуге келдім. Болашақ жолдасым Мейрамханмен танысып, осында тұрмысқа шықтым. Медицина саласында біраз жыл жемісті еңбек еттім. 2003 жылы Орқаш ауылында мектеп мейірбикесі болып жұмыс істеп жүріп, кейін 2021 жылдан бастап Орқаш ауылдық ФАП мейірбикесіне ауыстым. Менің қызметімен көршілес Аралкөл ауылдық округімен Орқаш ауылы кіреді. Қазір Орқашта 37 тұрғын түтін түтетіп, Аралкөлде 45 жан бағып отыр. Солар барлығы менің есебімде, – дейді Мейрамкүл.
Қай кезде де сырқаттанған жанның қасынан табылатын Мейрамкүлге ауыл тұрғындары дән риза. Күрделі де, жауапкершілігі мол мамандығының арқасында ауыл тұрғындарының денсаулығын қадағалап, медициналық көмек көрсетіп жүрген ауыл мейірбикесінің жалпы еңбек өтілі жиырма жылға жуықтады.

«Үлкен үйге не керек болса, кіші үйге де сол керек» демекші, Орқаш ауылы аядай ғана ауыл болсада, тұрмыс-тіршілігі бар ауыл. Орқаш ауылы кезінде қойнауы құтқа, өрісі малға толы, түтіні қалың елді мекен болатын. Ертеректе осы төңіректегі өзен атымен Қарасу деп аталған өлке көркем табиғатымен, әсіресе, тұзды көлімен көпке танымал еді. Сыпсыңағаш қолатының орта тұсындағы көлдің тұзы өткен ғасырларда маңайды ғана қамтамасыз етіп қоймай, ерекше сұранысқа ие болып, Ресейдің ішкі губернияларына жеткізіліп отырыпты. Заманында даңқы дәуірлеген елді мекеннің ахуалы жақсы, тұрмысы сайлы-тын. Айналасында жиырма шақты көлі, төрт бірдей бұлағы бар құтты қоныс болатын. Аруақ қонып, нар шөккен осы өңірді атақты Бабасан, Қара Қағай, көріпкел Жәудір әже, Толысбай, Күмпей, Бажыр батыр сынды көптеген тарихи тұлға мекен етті. Небір әулие, батыр, ақын, би мен шешендердің кіндік қаны тамған ауылдың бүгінгі кейпі жан танымастай күйде. 90-шы жылдардың тоқырауы кезінде тоз-тозы шығып, жұрт жан-жаққа үдере көшті. Қазір шалғайдағы елді мекенде он екі түтін қалған. Жасырары жоқ, Орқашқа апарар орқаш-орқаш жол да қатынасты қиындатып тұр. Тек мақтаныш етіп айтарға текті елдің тарихы ғана жұбаныш…

Мұнда не мектеп, не әкімдік ғимараты жоқ. «Ауылдан адам көшкенмен, адамнан ауыл көшпейді» дегендей, мұнда тұратын орқаштықтар мал ұстап, бау-бақша, қарбыз егіп отыр.

-Алла денсаулық берсе, үш жылдан кейін құрметті демалысқа шығамыз. Өзім Аралкөлде туып өстім. Орқашта тұрып жатқанымызға қырық жылдай уақыт болды. Ауылда дүкен де жоқ, қалаға барып, бір айға азығымызды әкеп қоямыз. Сонымен қоректенеміз. Қыстың күні де солай. Біздің ауылдың тірлігі. Орқаштықтар шөп шабады, қарбыз егеді. Жолдасым інілерімен бірге жеке шаруашылығы бар. Сонымен күнкөріп жатыр. Ауылдың барлығы мал бағып, бау-бақша ұстайды, – дейді кейіпкеріміз.

Шұға ҚОҢҚАБАЙ

Редактор

Поделиться
Опубликовал
Редактор

Недавние новости

Журналиста Максима Сушко признали невиновным по делу о клевете в адрес акима п. Октябрьский

Дело прекращено за отсутствием состава правонарушения, сообщает "ТоболИнфо" (далее…)

2 дня назад

Наурзумцы получили долгожданный автомобиль скорой помощи

Новым санитарным автотранспортом с 2019 года оснащены уже 5 медицинских участков района. (далее…)

2 дня назад

Класс памяти о погибшем герое, который спас ребенка, открыли в Аулиекольском районе

Этот кабинет станет символом памяти и уважения к героическому поступку выпускника школы Салимбека Альденова, который…

2 дня назад

По какой причине перенесли зажжение главной елки в Костанае?

Изначально оно должно было пройти 21 декабря, затем его перенесли на 20 декабря, а вчера…

2 дня назад

Қамыстылықтар жаңа жыл мерекесіне қызу дайындық үстінде

Жаңа жыл қарсаңында жұрт туыстары мен достарына ерекше сыйлықтар жасауға тырысады. (далее…)

2 дня назад

This website uses cookies.