Облысымыз бойынша бүгін ең қарт дауыс беруші Науырзым ауданы, Өлеңді ауылында тұрады
Кейуана Нақан Суюбаева 103 жаста
Үміт етіп, батасымен ықылас қылып отырған анамыз №648 дауыс беру учаскесіне өзі келді. Елдегі әр жаңалыққа елең етіп, көзінің нұры тайса да, көкірегі ояу , көңілі зерек, сүйегі асыл кейуана ұрпағының бай-бақуатты тірлік кешкенін армандайды.
– Дауыс беруге бардым, қолымды қойдым. Мына көзімнен айрылып барамын, сондада өз қолыммен қол қоюды жөн санадым. Бұл менің ел болашағы, балаларым мен немерелерімнің жарқын болашағы үшін жасаған таңдауым. Ұрпағымыз аман болсын! Артымыздағы жастар аман болсын. Ауданымыз көркейе берсін. Әрқайсысы Қазақстанымыздың жақсы бір азаматтары болып өссін! Өне берсін! Қазағымыздың санын көбейте берсін, – дейді кейуана.
Ғасырдан артық жасаған кейуананың ауылдастары да бүгін ерекше белсенді болуда.
Бүгінгі айтулы оқиғада еңсесін тіктеп, болашаққа үмітпен қараған жаста жасамыс та тарихи таңдау жасады.
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31