Облыс орталығында шығармашылық марафон бастау алды

Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына арналған

Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері күнімен қатар келген облыстық «Dala fest» шығармашылық марафонының ашылу салтанаты болды. Облыстық мәдениет басқармасы, облыс әкімі қоғамдық даму басқармасының қолдауымен, облыстық халық шығармашылығы мен кинобейнеқор орталығының ұйымдастыруымен бастау алған іс-шараның шымылдығы қалалық «Жұлдыз» студиясының домбырашыларының орындауындағы «Балбырауын», «Ерке сылқым» күйлерімен түрілді. Мәдениет басқармасының басшысы Ерлан Қалмақов құттықтау сөз сөйлеп, жиналған көрерменді мерекемен құттықтады. Концерттік бағдарламада дәстүрлі әнші Азамат Мұқатовтың орындауында А.Байтұрсынұлының «Аққұм» әні шырқалды. Сонымен қатар Қостанай ауданының «Алтын дән» мәдениет үйінің ұжымы өнер көрсетіп көпшіліктің қошеметіне бөленді.
Қостанай ауданы бастап отырған марафон Науырзым ауданына жолданды.

Қымбат Нағашыбай


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31

Просмотров: 5