Оқырмандар назарына

Жаңа жоба мол мүмкіндік сыйлауда

Еліміздегі  «Нұр Отан» партиясы әрдайыи жаңа жобаларды жүзеге асырып келеді. Осындай иші шаралар Қостанай қаласында да көрініс табуды.

Жуырда «Қазақсатан кітапханалары – заманауи білім орталықтары» деп аталатын жобаның аясында облыстық Л.Толстой атындағы әмбебап-ғылыми кітапханасында  уақыт  талабымен үндескен білім орталығы ашылды.

Аталмыш орталықтың салтанатты ашылу рәсіміне портияның облыстық филиалы төрағасының орынбасары Алмат Досмұхамедов, «Жас Отан» жастар қанатының, мәдениет қызметкерлері мен студенттер қатысты.

Осынау жаңа орталықтың ашылуына демеушілер қол ұшын берген екен. Бұнда түрлі әдебиеттер, оқу құралдарымен қатар кез-келген ақпаратты онлайн-режимде алуға мүмкіндік туғызылған.

Сонымен қатар орталық интернет желісімен, цифрлы технологиялармен, қажетті жиһаздармен толықтай қамтамасыз етілген. Біз сөзбен айтқанда, өздеріне қажетті мәлеметтерді алуға келген жандарға барлық жағдай жасалған. Сондай-ақ мұнда тек керекті ақпарат алып ғана қоймай, өзара пікір, тәжірибе алмасу, шығармашылық еңбекпен айналысуға да зор мүмкіндік туғызылған.

Бұл орталықтың қала тұрғындарына тигізер пайдасы ұшаң теңіз. Елімізде аталмыш жоба шеңберінде кітапханаларды осындай уақыт талабына сай білім орталықтарына айналдырып, тиісінше жабдықтап, электронды үлгіге көшіруде қыруар жұмыс тындырылып жатыр,-дейді өз сөзінде облыстық Л.Толстой атындағы әмбебап-ғылыми кітапханасының директоры Дариға Дүйсебаева.

Аягөз КӘКІМЖАНОВА


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31

Просмотров: 6